Атырау, 24 сәуір 00:24
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Египетте террорлық шабуыл құрбандарын аза тұтып жатыр

2 331 просмотра

Фото: ЕР

Египеттің Синай түбегінде террорлық шабуылдан 200-ден аса адам қаза тауып, 100-ден көп адам жараланған. Жұма намазы кезінде мешітке жасалған шабуылдан қаза тапқандардың көпшілігі – бейбіт тұрғындар мен әскери адамдар екені айтылады.

Алдын ала мәлімет бойынша, мешітке шабуылдағандар әуелі намазға жиналған жамағаттың ортасында жарылыс жасап, кейін оларға қарудан оқ жаудырған. Жергілікті баспасөз құралдары қауіпсіздік қызметіндегі дерек көзіне сілтеме жасап, шабуылға күдікті 15 адам дронның көмегімен жойылған деп хабарлады.

Синай түбегіндегі ең үлкен қантөгіске әкелген терактіге жауапкершілікті әзірше ешкім алған.

Египет жұртшылығы террорлық шабуыл құрбандарын үш күн аза тұтады.

Дереккөз: Азаттық

25 қараша 2017, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.