Атырау, 19 сәуір 23:40
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ҚР Ұлттық банкі 500 теңгелік жаңа купюраны таныстырды

2 940 просмотра


ҚР Ұлттық банкі бүгіннен бастап 500 теңгелік жаңа купюраны айналымға шығарды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл - «Қазақ елi» сериясы бойынша шыққан 6-купюра. Қағаз ақшаның дизайны бұрынырақ шыққан жоғары номиналды ақшалардың дизайнына сəйкес. Ақшаның бір бетінде Қазақ елі монументі мен көгершіндер бейнеленген. Екінші бетінде Каспий теңізі бейнеленген. Түс реңі өзгермеген. "Ақшадағы жазу кирилл қарпімен басылған. Себебі, дизайн бойынша жұмыстар 2015 жылы жүргізілген. Купюраны басып шығару - ұзақ жүретін процесс",- деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев. 

Ескі дизайндағы 500 теңгелік ақша 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін айналымда жүреді. Мерзім жеткен соң купюра айналымнан алынады.

Дереккөз: ҚазАқпарат


22 қараша 2017, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.