Атырау, 16 сәуір 12:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

65 миллион еуроға пәтер сатқан брокер Қазақстаннан қоңырау шалғанын айтты

2 193 просмотра

Сурет Игнас Мювиссеннің жеке мұрағатынан алынды

Қазақстан өкіліне 65 миллион еуроға пәтер сатқан риелтор Sputnik Қазақстанға мемлекеттік құрылымдардан қоңырау шалынғанын хабарлады.  

Бельгиялық брокер Игнас Мювиссеннің айтуынша, өткен аптада аталған жағдайға байланысты компанияға хабарласып, мәселені анықтамақ болғандар көбейген.  

"Ведомстводан да қоңырау шалғанын атап өткім келеді, алайда, менің пікірімше, олардан алдын ала хат алмағандықтан маған ешкімнің қоңырау шалуға құқы жоқ. Менің нөмірімді қайдан алғанын білмеймін. Ведомстводан біреу хабарласты, дәл атауы есімде қалмады, ол салық салу мәселесін қадағалайды. Олар қожайынның атын айта аласыз ба деп сұрады. Мен құпиялылық саясатын басшылыққа алып, клиентімнің аты-жөнін атаған жоқпын", — дейді  Игнас Мювиссен.

Бұған дейін Mansion Global жылжымайтын мүлік агенттігінің сайты Қазақстан үкіметінің ресми өкілі Парижде құны 65 миллион еуро (25 миллиард теңге) болатын қымбат пәтер сатып алды деп жазған болатын. 

Агенттіктің мәліметінше, қауіпсіздік деңгейі аса жоғары үйдің аумағы 13 мың шаршы футқа (12 мың шаршы метр) жуықтайды. Пәтерде бес жатын бөлме, бес жуынатын бөлме, сондай-ақ SPA-аймақ және үй қызметкерлеріне арналған бөлмелер бар. Бұған қоса үйде аумағы 55 шаршы метр паналайтын арнайы орын, оқ өтпейтін шыны және қауіпсіздік қызметіне арналған бөлмелер қарастырылған.  

Көп ұзамай ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ең алдымен, ол жылжымайтын мүлік мемлекеттің ақшасына сатып алынбайтынын атап өтті.   

"Бұл, шын мәнісінде, әлдебір маклердің мәлімдемесіне негізделген сыбыс. Егер әңгіме Қазақстан үкіметі атынан пәтер сатып алу туралы болса, бізде ондай мақсатқа арнайы процедуралар қарастырылған, бюджетті парламентте бекітуге дейінгі шаралар жүргізіледі", — деп түсіндірді ол. 

Сонымен қатар Әбдірахманов әңгіме жеке инвестициялар туралы болса,  ведомствода ондай ақпарат жоқ екенін айтты.  

"Бізге ондай ақпарат берілмейді, ол еркін нарық", — деді ІІМ басшысы. 

"Клиенттің атын айтпауға құқым бар. Дәл қазір Қазақстанның құрылымдары менен ондай мәліметті сұрауға құқы бар-жоғын білмей тұрмын. Егер бірдеңеден күдіктенсе, олардың айғағы болуы керек. Алайда менің ойымша, қазақстандықтар мүлікті шетелде емес, Қазақстанда сатсам ғана менен бірдеңе сұрауына болады", — деп толықтырды Мювиссен.

Брокердің пікірінше, өзіне қоңырау шалған адамдар кәсіби тұрғыдан әрекет етпеген. Өтініш айтқан ведомстводан ол әлі ресми хат алмапаты.

Дереккөз: Sputniknews.kz 


21 қараша 2017, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.