Атырау, 24 сәуір 09:41
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Қазақ неге тарихи сериал түсіре алмайды?", "OCCRP: Мыңбаевтың құпия көлік империясына қатысы бар", "Трамптың Қытай сапарынан кейін АҚШ-Қытай сауда соғысы басталды", "Еуропаға радиоактивті бұлт Ресейден тараған ба?"

2 313 просмотра

QAZAQTIMES.COM. "Трамптың Қытай сапарынан кейін АҚШ-Қытай сауда соғысы басталды" - Әлем экономикасы мен сауда қарым-қатынасында соңғы кездегі ең елеулі оқиға – Трамптың Қытай сапары болды. Оның себебі, әлемдегі бірінші және екінші экономиканы иелеген елдер арасындағы жаңа сауда қатынасы, бұдан кейінгі дүние елдері арасындағы сауда байланыстарына үлкен жол ашады деп күтілді. Трамптың Қытайдағы сапарының аяқталғанына да бір мұнша уақыт болғанымен кездесудегі келісімдер мен жаңа жобалар туралы ақпараттық талқылаулар әлі де толастаған жоқ. Танымал басылымдардың бәрі дерлік бұл кездесуге көлемді сараптамаларды арт-артынан жария етті. Трамп сапарында екі ел арасындағы сауда тапшылығын Құрама Штаттың мойнына артуы да үлкен талқы болып еді. Осыған қарап Трамп Қытайға қаратқан позициясын жұмсартты деп қарауға да болатын еді. Бірақ, кездесуден кейін белгілі болған жайттарға қарағанда істің жөні мүлде басқа болғаны аңғарылады.

"Ерлер мен әйелдердің қайсысы көлікті қауіпсіз жүргізеді?" - Әйелдердің көлік тізгінін ұстауы түрлі пікірлерге ұшырап келеді. Пікірлердің басым көбінде «әйелдердің көлік жүргізуін ерлерге жетпейді, тіпті көлік жүргізе алмайды» деп қаралады. Бірақ жақында Норвегияда жасалған зерттеу нәтижесі бұл пікірлерге қайшы болып шықты. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазған еді.

AZATTYQ.ORG. "Еуропаға радиоактивті бұлт Ресейден тараған ба?" - Ресейдің қоршаған ортаны бақылайтын қызметі ел аумағында алынған сынамадан рутений изотопы бары анықталғаны туралы хабарлады. Бұған дейін франциялық мамандар Еуропаға жеткен радиоактивті бұлт Ресей немесе Қазақстаннан тараған болуы мүмкін деген болжам айтқан еді.

"Терроризм күдігіне ілінген он сайрамдық кім?" - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында "терроризмді насихаттады" және "діни алауыздықты қоздырды" деген күдікпен ұсталған он адам қарашаның 20-сында уақытша қамалды. Туыстары олардың кінәсіз екенін айтады.

ABAI.KZ. "Көршілер... Олар біз туралы не дейді?" - Соңғы кезде қазақ пен қырғыз арасы сынға түсіп жүр. Қырғыздың президенті қазақтар бізден тарады дегенге шейін барды. Бұрындары мұны қарапайым қырғыздардан естісек, енді ел басшысынан еститін болдық. Қайсыбіріне жауап қатамыз, үндемей қоя салайық десең енді басшысы да ойына не келсе, соны былш еткізіп айта салып жатқаны сөзсіз намысқа тиеді екен. Мен осындай мақала жазып ағайын халықтың намысына тимей-ақ қояйын дегем. Бірақ менсіз де екі ел арасында ақпарат соғысы басталып кетті. Атамбаев халқымызды қайта қайта тілдей берген соң, әрі осы қырғыз демей бүкіл көршілеріміз қазақ туралы не айтып, не жазатыны маған бұрыннан да қызықты болған соң қолыма қалам алдым. Өйткені, көршіні таңдай алмайсың, оны Құдай жаратады, арыда қаласаң да, қаламасаң да солармен бірге боласың. Сондықтан көршілер жәйлі біле жүру көптік етпейді, ендеше шамамыз келгенше талдап көрейік.

INFORMBURO.KZ. "Дәрі-дәрмекті сатып алу аукционы төртінші желтоқсаннан бастап онлайн өтетін болады" - Фармация саласындағы жемқорлық – Қазақстандағы дәрі өндірісінің дамуына кедергі. Әлемдік алпауыттар тұрғанда бәсекелестікке төтеп беру қиын.

ZHASALASH.KZ. "OCCRP: Мыңбаевтың құпия көлік империясына қатысы бар" - Бұрынғы мұнай және газ министрі, қазір "ҚазМұнайГаз" компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың есімі "Жұмақ аралдарының" құжаттарын қазбалап жүрген "Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының" (OCCRP) жарияланымдарынан түспей жүр.

365INFO.KZ. "Қазақ неге тарихи сериал түсіре алмайды?" - Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия секілді елдер өткен тарихын, мәдениетін, жаугершілік замандарын киноға айналдырып, көрерменге ұсынуда. Өйткені қазіргі жұрт кітап оқымайды. Ащы ішектей созылған кітаптан немесе қасаң тілмен жазылған ғылыми еңбектен гөрі кино көрген әлдеқайда қызық, әрі оңай.

"«Кімге жымыңдадың?..». Мамандар әйеліне қол көтеретін еркектің әлсіз жерін айтты" - Неге ұрады? Әйелін неге ұрады? Сүйіп қосылған қосағына қол көтеретін еркектер шынтуайтында шын әлсіз екені рас па? Өйткені әйелінен өзгеге сөзі өтпейді, тісі батпайды.

BAQ.KZ. "Зимбабведегі төңкеріске Қытайдың қандай қатысы бар?" - 21 ғасырдағы ең үлкен державалардың бірі Зимбабвенің досы ғана емес, ең басты сауда серіктесі. Екі мемлекет арасындағы тығыз қарым-қатынас 1970 жылдардан басталады.


21 қараша 2017, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.