Атырау, 25 сәуір 15:10
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мобильді орта: өз отбасыңды, достарыңды, әріптестеріңді бір абоненттік төлеммен тарифтік жоспарға қос

PR
3 469 просмотра

«Кселл» АҚ Kcell абоненттері үшін қазақстандық нарықта бірегей «Мобильді орта» тарифтік жоспарының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жаңа қызмет Мобильді ортаның (S, M, L немесе XL) қол жетімді опцияларының біріне 5-ке дейінгі пайдаланушылары бар топты қосуға және белгілі бір интернет-трафик көлемін, сондай-ақ, ҚР басқа ұялы операторларының арасында өз қалауы немесе өзара уағдаластық арқылы минуттарды бөлуге мүмкіндік береді, бұл ретте Kcell/Activ желі ішіндегі қоңыраулары 0 теңге және жалпы пайдалану үшін топтың барлық қатысушылары үшін желі ішінде SMS-тің белгілі бір мөлшеріне рұқсат етіледі. 

"Сіздің енді жақындарыңыз үшін олардың әрбір тарифтік жоспарлары үшін қашан және қанша минут, интернет гигабайты ақысын төлеу жөнінде алаңдамауыңызға болады, – деді «Кселл» АҚ дамыту жөніндегі директоры Ирина Савина. – Мобильді орта – бұл бірыңғай абоненттік төлеммен бір топтың қатысушыларының байланыс қызметінің пакетін бірлесіп пайдаланудың қарапайым, ыңғайлы және үнемді тәсілі. Енді сіз интернет-трафиктің гигабайт мөлшерін және сіздің топтың әрбір қатысушысы үшін ҚР басқа ұялы операторларына  минуттарды өзіңіз анықтай аласыз. Және бұл лимиттерді ай сайын өз қалауыңыз және  қажеттілікке байланысты өзгертуіңізге болады». 

Егер сіз Kcell SIM-картасымен бірнеше гаджетті (смартфон, планшет, роутер) пайдаланатын болсаңыз, оларды да өзіңіздің «Мобильді ортаңызға» қоса аласыз. 

«Мобильді орта» тарифтік жоспарына келесі опциялар қолданылады:

Опция

Мобильді орта

S

Мобильді орта

M

 

Мобильді орта

L

 

Мобильді орта

XL

 

Абоненттік төлем/айы

 

2900 тг

 

3900 тг

 

4900 тг

 

5900 тг

Абоненттік төлемге қосылған топтағы нөмірлер саны

2

3

4

5

Интернет - трафик

25 ГБ

35 ГБ

45 ГБ

55 ГБ

ҚР өзге ұялы операторларына шығыс қоңыраулар

120 минут

180 минут

240 минут

300 минут

Kcell/Activ желісі ішінде шығыс қоңыраулар

Шексізминут 0 теңге

Шексізминут 0 теңге

Шексізминут 0 теңге

Шексізминут 0 теңге

Kcell/Activ желісі ішінде SMS

500

700

800

1000

 "Топ ішінде байланыс қызметінің пакеті өз қалауыңыз бойынша бөлінеді, – деп қосты Ирина Савина. – Егер оны әрбір пайдаланушыға жеке-жеке бөлмесе, онда оны барлық топ мүшелері бір мезгілде пайдалана алады. Барлық интернет-трафикті  топтың екі немесе үш мүшесіне бөлуге болады, ал қалғандары Kcell/Activ желісі ішінде еркін қарым-қатынас жасай алады. Тағы бір нұсқасы – топқа өзіңіздің бірнеше гаджетіңізді (планшет, роутер) қосып, оларға интернет-трафиктің бір бөлігін бөлуге болады». 

Акция 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады: «Мобильді орта» тарифтік жоспары бойынша абоненттік төлем пайдаланушылардың санына қарамастан белгіленген ең төменгі мөлшерге сәйкес алынады – «Мобильді орта S» үшін 2 900 теңге, «Мобильді орта M» – 3 900 теңге, «Мобильді орта L» – 4 900 теңге құрайды. 

Мысалы, егер «Мобильді орта S» тарифтік жоспарын акция бойынша талаптарға сәйкес, бес пайдаланушыға біркелкі бөлсе, онда олардың әрқайсысы ай сайын 5 ГБ интернет-трафикке, ҚР басқа ұялы операторларына 24 минуттік қоңырау, лимитсіз минут және  Kcell/Activ желісі ішінде 500 SMS-тің бір бөлігіне рұқсат етіледі. Және осының барлығы айына 2 900 теңге немесе бір адамға 580 теңге, оны топ «басшысы» төлейді. 

«Мобильді орта» тек аванстық есеп айырысу тәртібіндегі Kcell абоненттері ғана қолдана алады. Егер «Мобильді орта» тобына Activ абоненттері немесе ҚР басқа ұялы операторлары кіруді қаласа, олар   Kcell/Activ кез келген дүкендерінде «Қызмет көрсетудің тауар таңбасын ауыстыру» немесе «Нөмірді көшіру»  қызметтері арқылы өз нөмірлерін Kcell желісіне ауыстыра алады. 

Тарифтік жоспарды қосу және тарифтік жоспарға қосылған трафикті бөлуді  www.kcell.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы басқаруға болады. «Мобильді орта» жаңа тарифтік жоспар туралы толық ақпарат мына жерде http://kcell.mobi/mobilecircle

«Мобильді орта» жаңа тарифтік жоспар туралы промороликмына жерде

«Мобильді ортаға» қосу және трафикті бөлу бойынша ақпарроликмына жерде.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 08.06.1998 ж. берілген №ДС0000270 Лицензиясы. 

21 қараша 2017, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған