Атырау, 19 сәуір 04:19
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстанда киік саны 150 мыңнан асты

2 622 просмотра


Қазақстанда киік саны 152 мыңға жетіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Вице-министрдің дерегінше, Қазақстанда 687 аңшылық шаруашылығы бар, жабайы аң-құс өсірумен олардың 18-і немесе  2,3  пайызы ғана айналысады.  «Аңшылық шаруашылығы қызметіне қарқын беру үшін биыл фермерлік аңшылық шаруашылығы ұғымы заңнамалық тұрғыда енгізілді және де оны дамыту мақсатында қажетті шаралар қолданылуда. 

Оның ішінде бір аңшылық шаруашылығына бекітіп беру кезінде аңшылық шаруашылықтарының оңтайлы алқабын анықтау әдістемесі әзірленді. Бүгінгі таңда аңшылық шаруашылықтарының алқаптары  5 мың гектардан 1,5 млн гектарға дейін құбылады», - деді ол. 

Сонымен қатар оның айтуынша, сирек кездесетін жануарлар түрлерін кейіннен табиғи ортаға қайтара отырып, оларды фермерлік аңшылық шаруашылықтарында пайдалану үшін коммерциялық мақсаттарда алуға рұқсат етілді.  

«2015 жылғы  киіктердің өлім-жітімінен кейін олардың санын көбейту жөнінде шаралар қолданылуда және бүгін таңда олардың саны 108 мыңнан 152 мың дараққа дейін көбейді», - деді Ерлан Нысанбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

21 қараша 2017, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.