Атырау, 18 сәуір 07:36
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Зимбабве Президентіне импичмент жарияланады

2 420 просмотра

Фото: Getty Images

Зимбабвенің билеуші Zanu-PF партиясы 93 жастағы  Президент Роберт Мугабеге қарсы импичмент процесін бастады. Мемлекет басшысы өзінің әйелі Грейс Мугабеге елді басқару құқығын заңсыз бергені үшін айыпталып отыр. 

Бүгін партияның ұсынысы Парламенттің қос палатасы Ұлттық Ассамблея мен Сенаттың отырысында қаралады. Палата өкілдерінің үштен екісі Президентті лауазымынан айыру туралы шешім қабылдаса, сәрсенбі күні Роберт Мугабе орнын босатуы мүмкін.  Зимбабве Конституциясына сәйкес, Президент елдің басты заңын бұзатын әрекеттер жасаған жағдайда, қызметінен босатылады. Роберт Мугабе Үкіметті басқару құқығын әйелінің қолына заңсыз табыстағысы келгені және мемлекеттік шешімдер қабылдау ісіне араласу еркін бергені үшін кінә арқалап отыр. Қарт Президенттің денсаулығы нашарлауына орай, онан кейінгі билікте қалатын басқарушы рөліне әйелі - Грейс Мугабе мен Вице-Президент Эммерсон Мнангагва үміткер болған. 

Әскерилердің билікті өз қолдарына алған "мемлекеттік төңкерісіне" осыдан екі апта бұрын Роберт Мугабенің өз вице-президентін себепсіз қызметінен босатқаны түрткі болған. Әскер басшылары мен генералдар мемлекет басшысының бұл әрекетін өз әйеліне билікті қалдыру үшін жасалған шара деп түсініп, Роберт Мугабені үй қамағына алып, елді өз қадағалауына алған еді. Сарапшылардың пікірінше, әскерилердің бұл әрекетін "мемлекеттік төңкеріс" деп атауға әбден болады. 

Зимбабвенің әскери басшылары бұл мәлімдемені жоққа шығарғанын ескерсек, Президентке импичмент жарияланатын болса, олардың мемлекет басшысын орнынан алып тастау ісі "заңды" деп саналатын болады. Роберт Мугабенің Зимбабвені 37 жылдан бері басқарып келе жатқанына наразы халық көшелерде шеру ұйымдастырды. Президент лауазымынан айырылса, оның рөлін қазіргі Премьер-министр Пелекезела Мпоко өз қолына алуы мүмкін. Дегенмен ол Грейс Мугабенің жақын қолдаушысы болғандықтан, билеуші партия экс-Премьерді елге қайтаратыны белгілі.  Zanu-PF партиясы  жексенбі күні Эммерсон Мнангагваны төраға етіп сайлады. Осыдан бұрын оппозициялық MDC-T партиясының Роберт Мугабеге импичмент жариялау туралы бастамасы сәтсіз аяқталған болатын. Осы жолы Парламентте басым дауысқа ие, билеуші Zanu-PF партиясы мүшелерінің Президентке қарсы бірігіп отырғаны мәселенің қалай аяқталатынын аңғартады. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

21 қараша 2017, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.