Атырау, 28 наурыз 14:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Әр қазақстандық банкке 400 мың теңгеден аса қарыз – зерттеу

1 615 просмотра


Әрбір жұмыс істейтін қазақстандық орташа тұтынушылық кредит бойынша 400 мың теңгеден аса қарыз, деп хабарлайды Ranking.kz сайты. 

"Әрбір жұмыс істейтін қазақстандық орташа тұтынушылық кредит бойынша банктерге 447 мың теңгеден қарыз. Кредитті Алматы тұрғындары едәуір көп алған. Жыл ішінде бөлшек тұтынушылық кредит нарығы 15%-ға өсті", — деп жазылған жарияланған ақпаратта.

Мәліметке сүйенсек, 2017 жылдың қыркүйегінің соңына қарай жеке тұлғаларға берілген  тұтынушылық кредиттер 2,9 триллион теңгені құрады. Бір жылда 14,9% немесе 372 миллиард теңгеге өскен.  

Республикамыздың барлық 16 өңірінде тұтынушылық кредиттер көлемі артты. Жылдық өсім бойынша Алматы көш бастап тұр — мегаполисте бұл көрсеткіш 83,6 миллиард теңгеге артып, 1,1 триллион теңгеге жетті. 

Тұтынушылық кредиттер бойынша да Алматы бірінші орында. Одан кейін Қарағанды облысы келеді — бір жылда 32,1 миллиард теңгеге өскен. Жылдық өсімнен  Астана үшінші орынды иеленген. 

Дереккөз: Sputniknews.kz

20 қараша 2017, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.