Атырау, 28 наурыз 22:00
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Нығматулин Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

2 073 просмотра

Фото: Tengrinews.kz

Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Нұрсұлтан Әбішұлы Мемлекет басшысы ретінде Қырғызстан халқын үнемі қолдап, көмектесіп келеді. Қырғызстан халқының да Қазақстан басшысына алғыс білдіретінін білемін. Сондықтан да Атамбаевтың осы айтып жатқаны "бос сөз",  популистік және жауапсыз мәлімдемелері біздің халықтардың бауырластық қарым-қатынасына ешқашан да еш залалын тигізе алмайды, - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин. 

Сондай-ақ, ол Атамбаевтың Қырғызстан президенті болған кездегі жұмысына қатысты ойын айтты. "Атамбаевтың өзі жайлы айтатын болсақ, оның осы президенттік жылдар бойы не экономикада, не саясатта бірде-бірде нәтиже көрсетпегенін барлығы да біледі. Ал қызметінен кетер кезде тіпті саяси және ішкі мәдениеттің жоқтығын көрсетті", - деді Нұрлан Нығматулин.

Дереккөз: Tengrinews.kz


20 қараша 2017, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.