Атырау, 18 сәуір 22:26
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Астанада операторсыз ХҚКО ашылады - Дәурен Абаев

1 881 просмотра


Елордада жаңадан ашылатын ХҚКО-да операторлар болмайды. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Жақын арада Астанада digital-ХҚКО-ны ашу жоспарланып отыр. Онда операторлардың қатысуынсыз мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтандырылған режімде алу қарастырылған. Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығын ашу мемлекеттік қызметтердің жаңа форматына көшудің кезеңі болады. Осы орайда азаматтар қоғамдық пунктер, өзіне қызмет көрсету секторлары мен арнайы стендтердегі планшеттер көмегімен электрондық өтінімдерді береді», - деп түсіндірді министр.

«Қазіргі кезде 746 мемлекеттік қызметтің  621-і немесе 83 пайыздан астамын азаматтар мемлекеттік корпорация арқылы алуға қауқарлы. Еліміз бойынша оның 349 фронт-кеңсесі бар. Оларда жұмыс істейтін 22 мыңға жуық қызметкер жыл сайын 34 миллионнан астам қызмет көрсетуде», - деп нақтылады Дәурен Абаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат


20 қараша 2017, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.