Атырау, 29 наурыз 00:19
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Анасын аман алып қалғанмен, сәби шетінеп кетті

4 830 просмотра


Сәбиі шетінеген қырық жастағы әйел Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде медиктер еккен дәрі-дәрмекпен ұйқыда жатыр.

- Әйел облыстық ауруханада. Шарананың антенаталдық өлімі орын алды, яғни, жүктілік кезіндегі сепсистің – ауыр инфекцияның салдарынан өлген, - дейді облыстық перинаталдық орталығының басшысы Қуаныш НЫСАНБАЕВ (суретте). Анасында гипоксия (оттек азаюы) болды, ал егер анасы тыныс алмаса, тиісінше, сәби де тыныс ала алмайды. Әйел дәрімен ұйықтап жатыр, оның жағдайын әріптестеріміз тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

9 қарашада Атырау облыстық перинаталдық орталықтағы ана мен баланың көз жұму оқиғасына келер болсақ, бұл фактіні қазіргі кезде полиция тергеуде. ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-тармағы («Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, сараптама тағайындалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсіргке Марат ТАКУЛИН

17 қараша 2017, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.