Атырау, 20 сәуір 18:19
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Уақыт бар" - Сағадиев мұғалімдердің ағылшын тілін меңгеруі жайлы

1 815 просмотра


Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектептердегі оқу бағдарламасының жаңартылған нұсқасын енгізу аясында мұғалімдерді дайындайтын курстардың тиімділігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сағадиевтың айтуынша, алыстағы елді мекендердегі мұғалімдерді өңір орталығындағы және ірі қалаларға ағылшын тілін меңгеруге шақырылады. Осы курстардың аясында мұғалімдерге стипендия бөлініп, олар тұратын орынмен және тамақпен қамтамасыз етіледі. 

"Келесі жылы бағдарламамызды одан әрі жетілдіре түсеміз, бірақ қазіргі уақытта болатын өзгерістерді мұғалімдермен талқылап жатырмыз. Бұл Қазасқтан үшін жаңа тәжірибе, сол себепті мұның барлығы талқыланып жатыр. Осы курстардан өткен мұғалімдер сөйлесіп, олардың кеңестерін тыңдап жатырмыз. Әрине, кейбіреулерге уақыт жетпеуі мүмкін. Бірақ дегенмен де мұғалім белгілі бір деңгейді меңгермейінше, оны мектепте сабақ беруге рұқсат бермеу керек, бірақ әлі уақыт бар", - деді Сағадиев.

Дереккөз: Tengrinews.kz


17 қараша 2017, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.