Атырау, 29 наурыз 16:39
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы химиялық шабуылды зерттеу туралы ресейлік қарар жобасын қабылдамады

2 246 просмотра

Фото: un.org

Бейсенбіде БҰҰ ҚК (Қауіпсіздік Кеңесі) Сириядағы химиялық шабуылды зерттеу туралы ресейлік қарарды қабылдамады, деп хабарлайды TАСС.

Бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы химиялық шабуылды зерттеу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Біріккен механизмі мен Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы (OPCW) мандатын ұзарту туралы Ресейдің қарар жобасын қабылдамады. Дауыс беру кезінде бұл құжат қажетті дауыс көпшілігіне ие болмады», - делінген жұма күнгі хабарда.

Ресей жобасына қолдау білдіргендер РФ, Боливия, Қазақстан және Қытаймен болды, ал Құрама Штаттар, Ұлыбритания және Францияны қоса алғанда жеті делегация қарсы шықты. Қауіпсіздік Кеңесінің төрт мүшесі, соның ішінде Египет, Сенегал, Эфиопия және Жапония дауыс беруде қалыс қалды.

«Қарар қабылданбады, себебі ол қажетті дауыс санын алған жоқ», - деп мәлімдеді қараша айында Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуші итальяндық дипломат Себастьяно Карди.

Дауыс беру нәтижесінде Ресей Федерациясының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Василий Небензя бұл құжат қабылданбағаны үшін өкініш білдірді және қарсы дауыс берген елдер тергеу комиссиясының жұмысын тоқтатқаны үшін толық жауапты болады деп мәлімдеді.

Дереккөз: ҚазТАГ

17 қараша 2017, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.