Атырау, 20 сәуір 17:46
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Атамқұловтың қай сөзіне сенеміз?!", ""Жалаңаш" суреттер күнделікте қайдан жүр? "Күнделік. КЗ"-тің "қызықтары мен шыжықтары"", "Ресей думасының "қарымтасы"", "Зимбабведе - төңкеріс, Мугабе - "қамауда""

2 896 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ресей думасының "қарымтасы"" - Ресей мемлекеттік думасы өзге ел БАҚ-тарын "шетел агенті" деп тіркеу туралы заңды бір ауыздан қабылдады. Сарапшылар Ресейде жұмыс істейтін америкалық бұқаралық ақпарат құралдарын шетел агенттері реестріне енгізу мен олардың қысастыққа ұшырау ықтималдығы Мәскеу мен Вашингтон арасындағы араздықты қоздыра түседі деп санайды.

"Зимбабведе - төңкеріс, Мугабе - "қамауда"" - Зимбабведе әскерилердің төңкеріс жасап, билікті басып алғаны хабарланды. Әскери жетекшілік президент Мугабені "қауіпсіз жерге көшіріп", оның төңірегін "қылмыскерлерден тазартып жатқанын" мәлімдеді.

QAZAQTIMES.COM. "Дональд Трамптың Азияға сапары сәтті аяқталды ма?" - Дональд Трамп Азияға сапарынан кейін Солтүстік Кореяға қарсы бүкіләлемдік қысым күшейетінін хабарлап, өзінің екі аптаға созылған Азиялық сапары барысында осы мәселеде серіктестердің рөлін күшейтуге күш салғанын атап өтті. Ресми сапарынан оралғаннан кейін берген сұхбаты барысында АҚШ Президенті Солтүстік Кореяға бүкіл әлемге ядролық қару арқылы қорқыныш пен үрей үстінде ұстауға жол бермейтінін айқын түсіндіргенін айтты. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.

"Зимбабведе ел әскері мемлекеттік төңкеріс жасағаны рас па?" - Кеше Зимбабве әскері мемлекет басшысы Робет Мугабе мен оның отбасы мүшелерін тұтқынға алғаны туралы хабар тарады. Әскерилер Хараре көшесі бойында сап түзеп, Парламент ғимаратын қоршауға алды және мемлекеттік радио мен телеарна арқылы ресми хабарлама таратты. Олардың айтуынша, әскердің көздегені - ел Президенті емес, оның маңындағы жемқор шенеуніктер. Мемлекет басшысы мен оның жақындарының өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын жеткізген әскери қолбасшы Сибусисо Мойо өзінің қол астындағылардың әрекетін "мемлекеттік төңкеріс" деп атаудан бас тартты.

ABAI.KZ. "Атамқұловтың қай сөзіне сенеміз?!" - Қазақтың Ұлы Даласынан ежелден еншісі ешқашан бөлінбеген Торғай жері – еліміз үшін Түркістан мен Ұлытау сынды қасиетті де киелі мекен болып саналады. Осы қасиетті мекенде қазақтың һас батырларының бірі емес бірегейі саналатын Шақшақ Жәнібек бабамыз бен Алаш асылдары – Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов аталарымыз дүниеге келген. Мұндай атақ-даңқтары жер бетіне жайылған жандар, санамалай бастасаң бұл өңірде жетіп артылады. Жер көлемі жағынан Еуропаның кез келген мемлекетіне пара-пар Торғай жері (Жангелді ауданы деп аталады – авт.) соңғы кездері кең байтақ жерімізге сұқ көздерін қадаған Ресейліктердің тікелей нысанына айналды.

INFORMBURO.KZ. ""Жалаңаш" суреттер күнделікте қайдан жүр? "Күнделік. КЗ"-тің "қызықтары мен шыжықтары"" - БҒМ-ның "Күнделік. кз" жүйесін төрт мың мектепке енгізу туралы бұйрығы бар. Бірақ, елімізде мектептердің тек үштен бірі ғана жылдам интернетке қосылған екен.

QAMSHY.KZ. "«Рухани жаңғыру» немесе қайтсе Қазақ  жолы болады?" - Заң ғылымдарының кандидаты, философия магистрі,  «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, «Ресей ғылым академиясы  Мемлекет және құқық институты»-ның  докторанты Дауталиев Қазыбектің «Рухани жаңғыру» қайтсе Қазақ жолы болады? Мақаласының алғашқы бөлігі жарияланған болатын. Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына мақаланың қалған бөлігін ұсынады.

EGEMEN.KZ. "Алпауыт елдердегі ахуал қандай?" - Қазіргі таңда алпауыт елдерде болып жатқан ахуал қандай? Бұл туралы шетелдегі БАҚ не дейді?

"Өзбекстан мен Түркия: Жаңа стратегиялық серіктестер" - Жақында түркі әлемінде халық саны, тарихы мен мәдениеті, сауда-экономикалық әлеуеті тұрғысынан ірі мемлекеттер – Өзбекстан мен Түркияның қа­ты­настары тарихта тұңғыш мәрте стратегиялық серіктестік дең­гейіне көтерілді. Өзбекстан Рес­публикасының президенті Ш.Мирзиёев 25-27 қазан күндері пре­зидент Р.Т.Ердоғанның ша­қы­руымен Түркияда мемлекеттік са­пармен болды. 18 жылдан бе­рі Өзбекстан президентінің Түр­кия­ға жасаған алғашқы сапа­ры екі ел ара­сындағы ынты­мақ­тастықтың жаңа кезеңге өткенін көрсетеді. Осы сапарға Өзбекстанның сыртқы істер министрі А.Камилов «тарихи, жемісті және маңызды» деген баға берді.

AIKYN.KZ. "«Қара маржанның» ақыры" - Зимбабве мемлекетінде  соңғы үш-төрт күннен бері мемлекеттік төңкеріс болып жатыр. Әскери адамдар билікті басып алды. Бірақ бұған қарамастан әскерилер өз әрекеттерін ақтап алып жатыр.

16 қараша 2017, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.