Атырау, 25 сәуір 13:01
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ақтөбелік прокурор тергеу абақтысына қамамауды өтініп, көз жасын төкті

1 374 просмотра


Ақтөбе облысында 13 миллион теңге пара үшін прокурор Есентұр Қадыров қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Прокурорды қамауға алу туралы үкім 15 қарашада шықты. Айыптаушы тараптың сөзінше, 13 қарашада Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісінің көлігінде отрып, ол 40 мың доллар (13 миллион теңге) көлеміндегі параны қызметтік тұлға арқылы Бас прокуратураға ұсынған. Осы арқылы ол өзіне қатысты қылмыстық істі тоқтатуға тырысыпты.  Алайда Қадыров пара бермек болған сәтте ұсталды. Оған "Лауазымды тұлғаға делдал арқылы пара беру" айыбы тағылды.  

Сот отырысы кезінде айыпталушы тергеу абақтысына қамамауды сұрады. "Мен әділет жүйесін білемін, жасырынатын ойым жоқ, шақыртқан сайын келемін. Мен қоғамға қауіпті қылмыс жасаған жоқпын, бұлтартпау шарасын үй қамағына өзгертуді сұраймын. Кепіл ретінде жылжымайтын және жылжитын мүлігімді қоя аламын", - дейді ол.  

Айыпталушының адвокаты оны үйде кәмелетке толмаған екі баласы мен әйелі күтіп отырғанын айтқан. Қадыров сөзінің әсерін күшейткісі келіп, көз жасын да төкті. 

Алайда судьяға бұл әсер етпеді. Прокурор екі айға қамауға алынды, қылмысы дәлелденсе, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


16 қараша 2017, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.