Атырау, 29 наурыз 00:49
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 469 просмотра


Атырауға астрахандық көлік полицейлері келді. РФ ІІМ Астрахан желілік бөлімі бастығының орынбасары Илья Краснов атап өткендей, жыл басынан бері Ресей аумағына Қазақстаннан 2 мыңнан астам жүк пойыздары келген. ҚР аумағына тасымалданатын жүктердің ұрлану оқиғасы орын алмаған.

                                                                                         ***

ТЖД хабарлағандай, 14 қарашада шамамен сағат 23-те Мақат ауданының аумағында Доссор-Құлсары трассасында «Лада-Ларгус» пен МАЗ көліктері соқтығысқан. Көлік апатынан салдарынан жеңіл көлік өртеніп кетті. Доссор ауруханасына басынан алған зақыммен «Ларгус» жолаушысы - Өзбекстан азаматы жатқызылды.

                                                                                         ***

Құрманғазы аудандық соты Ганюшкин ауылындағы мектепке дейінгі мекемелердің бірінің есепшісін ата-аналар төлеген ақшалай қаржыларды талан-таражға салғаны үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Есепші Н.Т.-ның мектепке дейінгі мекеменің банктік есеп шотына ата-аналардың ақшаларын толықтай аудармағандығы, осылайша 2,3 млн теңгені талан-таражға салғаны анықталды.

16 қараша 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.