Атырау, 29 наурыз 04:41
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Балиева қазақ әдебиетін ағылшын тілінде оқытуды ұсынды

2 666 просмотра


Астанада Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында балалар омбудсмені Зағипа Балиева балалар құқығына қатысты біршама мәселені айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуына қарағанда ағылшын тілінде сабақ беруді әуелі қарапайым пәндерден бастау керек. Себебі физика, химия секілді күрделі пәндерді ағылшынша оқу балалардың санасына салмақ салады.

«Бала пәнді ана тілінде әрең түсініп, 12%-ға ғана меңгерсе, онда ол ағылшын тілінде қалай оқиды? Онда оның пәнді игеру көрсеткіші бұдан да төмен деген сөз. Мүмкін, балалармен әңгімелесіп, қандай пәнді ағылшын тілінде оқыту керектігін өздерінен сұрау керек шығар. Бала ағылшынша сөйлеп, мағынасын түсініп үйренуі керек. Мүмкін, әдебиет немесе қазақ әдебиетін ағылшын тілінде берсек? Бәлкім, сол кезде оқушы оны түсініп, сол тілде сөйлейтін болар. Ал мына формулалар, Ом заңы оған өмірде түк те қажет емес. Біз техникалық мамандарды аз дайындаймыз. Әрі кетсе 5 пайыз ғана шығатын шығар», — дейді Балиева.

Сонымен қатар ол балалардың біліміне қатысты тағы бір маңызды мәселені алға тартты. Оның айтуынша, санитарлық нормалардың сақталмауынан және жүйелі тамақтанбаудан мектепке сау боп келген бала 11 жыл ішінде түрлі ауруға шалдығады. Ал білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселеге көз жұмып отыр.

«Мектепке дені сау бала келеді, ал 11 сыныпқа қарай 72%-ында көру қабілеті нашарлаған, 34 % – сколиоз, 50 %-дан астамында ішек-қарын жолымен байланысты проблемалары бар. Былайша айтқанда, сау бала мектеп бітіргенде түрлі «кәсіби» ауруға шалдығады, ал біз санитарлық ережелер мен нормаларды қайта қарастырғымыз келмейді. Сколиоз емделмейді», — дейді Зағипа Балиева.

Дереккөз: Baq.kz 

15 қараша 2017, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.