Атырау, 23 қараша 23:32
Таңертең ашық+1, күндіз +3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.22  € 388.07  P 5.60

"Қырғызстанмен «сауда соғысы» жайлы айтыла бастады", "Шыны зауыты: шыны қайсы, өтірігі қайсы", "«Қазақгейт-2» Бельгия мен Франция қарым-қатынасын ушықтырып жіберуі мүмкін", "Қазаққа Шыңғысхан кім?!"

14 қараша 14:51

QAZAQTIMES.COM. "«Қазақгейт-2» Бельгия мен Франция қарым-қатынасын ушықтырып жіберуі мүмкін" - Өткен аптада «Dispatch Weekly» газеті «қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязов ресми Брюссель билігімен келісіп Патох Шодиев пен Әлижан Ибрагимовке қарсы куәгерлік етіп Бельгия азаматтығын алуы мүмкін» деген ақпарат таратты. Бұның Франция мен Бельгия саясаткерлеріне қандай қатысы бар? "Қазақгейт-2"  Брюссель мен Париж арасында қандай дау туғызуда? Бүгін біз осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көруге тырыстық.  

"Трамп-Дутерте қарым-қатынасы қалай өзгерді?" - АҚШ Президенті Дональд Трамп Филиппиннің мемлекет басшысы Родриго Дутертемен қарым-қатынасы өте жақсы деңгейде екенін жеткізді. Мұндай мәлімдеме олардың Манила қаласында болған кездесулерінен кейін жасалды. Осыған дейін АҚШ Филлипиндегі нашақорларды соттың шешімінсіз өлтіру саясатын айыптаған болатын. Родриго Дутертенің адам құқықтарына қайшы келетін шаралары туралы сын пікір білдіріп келген Дональд Трамптың ойы аяқ астынан неге өзгергені белгісіз. 

AZATTYQ.ORG. "Қырғызстанмен «сауда соғысы» жайлы айтыла бастады" - Қазақстан қырғызстандық кей компаниялардың сүт, ет және кондитер өнімдерін кіргізуді шектеді. Астана бұл шешімін Қырғызстаннан "талапқа сай емес өнімдер келіп жатыр" деп түсіндірді. Сарапшылар екі көршінің бір айдан асқан тәжікесінен «сауда соғысы» белгілерін көреді.

"Оралмандарды «уақытша баспанадан» шығару дауы" - Маңғыстау облысы әкімдігі Ақтаудағы оралмандар орталығында 2011 жылдан тұрып жатқан 139 отбасын сотқа беріп, баспанадан шығарғалы жатыр. Жергілікті билік уәжі – «оралман алты айдан кейін өз күнін өзі көруі керек». Ал баспанадан шығуы тиіс оралмандар «Нұрлы көш» бағдарламасымен келсек те қолымызға тигені - тек осы үй. Басқа барар жер, басар тауымыз жоқ» дейді.

ZHASALASH.KZ. "Шыны зауыты: шыны қайсы, өтірігі қайсы" - Қызылорда облысында салынып жатқан шыны зауыты туралы әңгімелердің шыны қайсы, өтірігі қайсы екенін айыра алмай қалды жұрт. Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа осы шыны зауыты арқылы 1 миллиард теңгені "шығарып" алды деп айып тағылғаннан бері бұл жобаның тағдыры тығырыққа тірелгендей.

"Қырғыздар су қоймасымен қыр көрсетіп отыр ма?" - Тараз қаласына жақын орналасқан Киров су қоймасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізбек қырғыздар елімізге қарай ағатын судың мөлшері көбейеді деп отыр.

ABAI.KZ. "Қазаққа Шыңғысхан кім?!" - Бұрынғы Кеңес идеологиясы - Шыңғысханды әлемдегі ең жауыз адам деп құлаққа сіңірді! Алайда, осы жердегі ең бір «қызықты», ескеретін жағдай – қазақи ел аузында ол атақты, даңқты Тұлға, қайта дәріптелмесе, жеккөрінішті түрде суреттелген жоқ! Әлдебір әдеби-тарихтық еңбектерге сілтеме жасап, жүгінбей-ақ, ондай мысалдардың талайын келтіре аламыз. Мысалдар ретінде қарастырсақ: қазақ аңыздарында «Темужинді біздің тауда барлық ел хан сайлап, Шыңғысхан атаған екен! Сол оқиғаға байланысты таудың аты Шыңғыс болып өзгеріпті»... Атақты «Ақсақ Құлан» күй-аңызын бәріміз де білеміз, сондағы оқиғалардың дерлігі нағыз қазақи салт-дәстүр ұғымында... Қазақтың атақты Майқы биінің есімі Хан Шыңғыспен байланыстырылады... Шыңғыстың Заңдар жүйесі қазақта «Жасақ» аталынады... Осындай сөздерді көптеп келтіре беруге болады!

"Жұмыр мен Қылыш батырдың мазарына қамқорлық керек" - Еліміздегі "Ұлытау" тобы дауылпаз ақын, күйші, батыр Махамбеттің  "Жұмыр-Қылыш" күйін әлемдік сахнада ұлттық нақышқа келтіре орындап, дүниежүзіне танымал болды. Осы күйдің кейіпкерлері Жұмыр мен Қылыш кім екені  және олардың шығу тегі туралы жұрттың көбі біле бермейді. Ойымша,  "Ұлытау" тобының мүшелері де толық білмейтін секілді. Олай дейтінім, күй туралы бейнетүсірілімде Жұмыр мен Қылыштың туған жерлері т.т. ешқандай айтылмайды және ақпарат құралдарында аталмыш күйдің шығу тарихы жөнінде  мәлімет бергенін естімедік.

INFORMBURO.KZ. "11 қарашадан бастап жол жүру ережесіне өзгерістер енді. Жүргізушілердің қаперіне" - Көлік доңғалағы шегелі дегенді білдіретін "Ш" белгісін жапсыру биылдан бастап міндетті емес. Жол қозғалысына қатысты заңға енген өзгерістің бірі осындай.

DALANEWS.KZ. "Арман Шораев журналистика факультетін жабуды ұсынды" - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасындағы «1-студия» саяси ток-шоуында журналистика мәселесі майшаммен қаралды. Журналистика кәсіп пе, мамандық па? Ток-шоуда бұл сұраққа белгілі журналист, медиа менеджер – Арман Шораев, белгілі журналист Ермұрат Бапи, журналист, қоғам белсендісі – Арман Сқабылұлы және журналист, заңгер – Дина Елгезектер жауап іздеп, көкейлерінде жүрген ойларын айтты. Ток-шоу барысында Арман Шораевтың журналистика факультетін жабу турасындағы ұсынсына белгілі журналист Ғалымжан Елшібай қарсы шықты.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Келесі жылы елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі қанша болады?" - 2018 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 мың 284 теңге болады. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  вице-министр Светлана Жақыпова айтты.  


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

449 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5