Атырау, 24 сәуір 17:31
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жылға жетпей күйреген жолдар

Сурет Бейнежазба
4 048 просмотра

Атырау қаласының шетіндегі осы аттас ықшамауданда кейбір қала тұрғындарына жеке тұрғын үй салу үшін бұрынғы құм карьерлерінің орнынан жер телімдері бөлінген. Алдымен адамдар үй салмас бұрын өз күштерімен жер деңгейін көтеру үшін бұл жерге құрылыс қалдықтары мен топырақ төкті. Содан кейін бірнеше жыл жолдар мен коммуникацияларды күтті. Инженерлік инфрақұрылым жұмыстары өткен жылы ғана жүргізілді. Бірақ қалай? 

Құны 137 млн теңге болатын жұмыс көлеміне Шманов, №35 және 36 көшелерге автожолдар мен жаяу жолдар салу, сонымен қатар, №18, 35, 36 көшелерді газ құбырымен, су құбырымен және энергиямен қамту жұмыстары енгізілді. Қаржы Ұлттық қордан бөлінді, тапсырыс беруші қалалық құрылыс бөлімі, мердігері - «Випстройинвест» ЖШС (Орал қ.). Жұмыстар 2016 жылдың тамызында басталып, биылғы қараша айында аяқталды.

Содан бері бар болғаны бір жыл өтті. Ал бұл жердегі көлік жолдары мен жаяужолдар аянышты халге түскен. Астындағы топырағы шөгіп, соның салдарынан құны 78 млн теңге болатын асфальтбетон жабын ығысып кеткен. Осы себепті кейбір жерлерде электр тарату желілерінің бағандары, газ құбырларының тіреулері қисайып қалған. Жерасты коммуникацияларының қандай күйде екені белгісіз. Қалай дегенмен де, жоғарыда аталған көшелердегі үйлерде әлі күнге дейін жарық та, су да, газ да жоқ.

Атырау әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ редакция сауалына тапсырыс берушіден құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2016 жылдың желтоқсанында қабылдағанын, қазіргі уақытта нысанның қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің балансында екенін хабарлады.

«Қазір қалалық құрылыс бөлімі пайдаланудың кепілдік мерзімінде анықталған кемшіліктерді жою туралы сот актісін әзірлеуде. Осы кезеңде анықталған кез келген ақаулар мердігер мекеменің есебінен жойылады», - деп жазыпты әкім орынбасары. Бұл нысандағы пайдаланудың кепілдік мерзімі екі жыл және 2018 жылдың желтоқсанында аяқталады.


Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

14 қараша 2017, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.