Атырау, 23 қараша 23:36
Таңертең ашық+1, күндіз +3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.22  € 388.07  P 5.60

АҚШ апелляция соты Трамптың миграция туралы жарлығын жартылай қолдады

14 қараша 14:48


АҚШ-тың апелляциялық соты президент Дональд Трамптың Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Чад мемлекетінің азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салатын соңғы жарлығы күшіне енуіне рұқсат берді. 13 қарашада шыққан сот шешімі Трамптың 24 қыркүйекте шығарған жарлығының Иран мен жоғарыда аталған өзге ел азаматтарына егер олардың АҚШ-пен жақын байланысы болмаса елге кіруіне тыйым салатын бөлігін қолдады.

"Жақын байланысы бар" деп АҚҚ-та жақын туысы тұратындар және АҚШ-та орналасқан университет және қоныстандыру агенттіктері сияқты құйымдармен "шартты түрде, құжатпен дәлелденетін" байланысы бар азаматтар саналады.

Америкалық ұйымдармен, америкалықтармен, оның ішінде осы елде ата-анасы, ата-әжесі, немересі, жұбайы, немере бауырлары бар алты ел азаматтарының АҚШ-қа кіруіне рұқсат беріледі. Апелляциялық сот шешімі Гаваи штаты округтік сотының өткен айда президент жарлығының күшін уақытша тоқтатқан шешімін жойды.

АҚШ әділет министрлігінің ресми өкілі үкімет апелляциялық сот шешімі негізінде жарлықты орындауға кірісетінін мәлімдеді.

Гаваи бас прокуроры, тыйымға сотта қарсы шыққан Дуглас Чин "АҚШ-пен отбасылық байланысы барлардың, оның ішінде ата-әжелерінің құқығы құрметтелетініне ризамын" деді.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

155 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Зариф: "АҚШ-қа кіруге тыйым салу - экстремистерге жасалған сый"  602 рет қаралды

​Парсы шығанағы елдері Трамптың АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салу туралы мәлімдемесін сынға алды  713 рет қаралды

Дональд Трамптың «мұсылмандарға салған тыйымы» немесе Америка тағы қай елдің азаматтары үшін алыстай түседі   343 рет қаралды

Трамп АҚШ-қа кіруді шектейтін жаңа жарлығын шығарды  701 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5