Атырау, 19 маусым 13:30
Кешке ашық+19, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 338.78  € 392.82  P 5.35

Петропавлда "араздық қоздырған" тұрғын екі жылға сотталды

14 қараша 2017 14:34


"Петропавл қалалық соты қаланың 45 жастағы тұрғыны Сергей Хандогинді әлеуметтік желіде "ұлтаралық алауыздық қоздырды" деп айыптап, екі жылға соттады" деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Руслан Мұхамбетжановтың айтуынша, Сергей Хандогин "Одноклассники" әлеуметтік желісінде "тарихи фактілерді бұрмалайтын, қазақ ұлтының азаматтарына жағымсыз баға беретін пікірлер жазылған комментарилер" таратқан.

Бұл факт бойынша алынған жазба материалдарына психологиялық-филологиялық сот сараптамасы жасалған.

Руслан Мұхамбетжановтың айтуынша, сотталушы сот процесінде "кінәсін толық мойындаған".

Сотталушы жазасын қауіпсіздік дәрежесі орта деңгейдегі колонияда өтейді.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

426 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​"Абу-Даби Плазадағы" дау: Астана тұрғыны ұлттық араздық қоздырды деген айыппен сотталды  279 рет қаралды

Таиландта қаржы пирамидасын құрған алаяқ 13 мың жылға сотталды  558 рет қаралды

Қырым татарларының белсендісі 8 жылға сотталды  627 рет қаралды

Шымкенттегі жемқорлық дауы: Үкімді естіген парақор судья жылап жіберді   743 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6