Атырау, 18 ақпан 10:15
Күндіз бұлыңғыр болады-3, кешке -5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 320.42  € 400.01  P 5.66

СІМ Сирияда құтқарылған қазақстандық балалардың елге қашан жеткізілетінін айтты

14 қараша 2017 11:00

Фото: Sputniknews.kz

Сирияның соғыс болып жатқан аймақтарынан құтқарылған қазақстандық әйел мен оның балалары көп ұзамай елге жеткізіледі, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

"Олардың арасында Қазақстан азаматтары бар. Орал қаласының 1988 жылы туған тұрғыны төрт баласымен Сириядан жеткізілді. Балалардың үлкені бес жаста, кішісінің туғанына бірнеше ай ғана болған. Олар Қазақстан азаматтары", — деді Жайнақов БАҚ өкілдеріне. 

Грозный әуежайында оларды Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қызметкерлері қарсы алған. Көп ұзамай қазақстандықтар елге жеткізіледі. 

"Біз ресейлік тарап пен Шешен Республикасының басшылығына алғысымызды білдіреміз", — деді Жайнақов. 

Дереккөз: Sputniknews.kz 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

385 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Сириядан құтқарылған қазақстандық әйел елге оралды   549 рет қаралды

Ауғанстанда көз жұмған қазақстандық бизнеспен айналысқаны анықталды  288 рет қаралды

​Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге оралды   636 рет қаралды

Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарамыз деген үміт бар – СІМ  372 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5