Атырау, 29 наурыз 02:40
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ақмола облысында судьяны өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2 104 просмотра

Фото с сайта Tengrinews.kz

13 қарашада Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Бердіқұлованы өлтірді деп айыпталған Медет Әбдірахмановқа қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ер адам ҚР Қымыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтiру"), 188-бабы ("Ұрлық") және 384-бабы ("Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi жымқыру, жою, бүлдіру немесе жасыру") бойынша айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сотталушы зардап шеккен тарапқа материалдық және моралдық шығын ретінде 10 миллион теңгеден аса ақша төлеуі керек.

Еске сала кетейік, 46 жастағы Жанна Бердіқұлова биыл 14 маусымда өлі табылған еді. Жедел шаралар барысында күдікті ретінде Көкшетау қаласының 1985 жылы туған ер адам ұсталған болатын. Ал кейінірек сот төрайымын өлтірді деген күдікті қылмысын мойындады. Ақмола облыстық ІІД өкілдері кезекші бөлімге 1971 жылғы әйелдің мәйіті өз үйінің жуыну бөлмесінен табылғаны жайлы хабар түскен. Сараптама қорытындысы бойынша, оны қылғындырып өлтірген. Жедел-іздестіру шараларының барысында осы қылмысты жасады деген көкшетаулық ұсталған. Ол 1984 жылғы, аса ауыр қылмысы үшін сотты болған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

14 қараша 2017, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.