Атырау, 29 наурыз 12:53
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Облыстық мәслихатты Өмірзақ Зинуллин басқаратын болды

6 796 просмотра
Өмірзақ Зинуллин.

13 қарашада облыстық мәслихаттың депутаттары кезектен тыс 18-ші сессиясында ұйымдастыру мәселелерін қарастырды.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВ «Нұр Отан» партиясынан сайланған Өмірзақ ЗИНУЛЛИНГЕ және Баязи ӘБДЕШЕВКЕ депутаттық мандаттарды табыс етті.

Депутат Александр ДУМЛЕР Ө. Зинуллинді облыстық мәслихаттың хатшысы етіп сайлауға ұсыныс білдірді. Өйткені, шілдеде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ Атырау облысынан сенатор болып сайланғаннан кейін, оның лауазымына сол кездегі облыстық мәслихаттың хатшысы Сағындық ЛҰҚПАНОВ тағайындалған болатын. Ал бұл айларда хатшының міндетін Амангелді АБДОЛОВ атқарды. Зинуллиннің кандидатурасына депутаттар бірауыздан дауыс берді. Мәслихаттың жаңа хатшысының ұзақ уақыт бойына Құрманғазы ауданында санитарлық бас дәрігер болғаны, содан соң облСЭС-ке басшылық еткені, Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалғаны, кейін ол жақтан өзінің кәсіби білімі бойынша жұмысына қайта оралғандығы белгілі.

Бұдан басқа, депутаттар өздері берген өтініштің негізінде Абат ТАСИМОВТЫҢ депутаттық өкілеттігін тоқтату үшін дауыс берді. Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың қыркүйегінде Тасимовқа қатысты Қылмыстық кодекстің 361-бабы («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған болатын.

Депутат Баязи Әбдешев бюджет, қаржы және экономикалық саясат мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы болып сайланды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті түсірген автор

13 қараша 2017, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.