Атырау, 19 сәуір 07:06
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Зираттарды қоршау жұмыстары басталды

4 306 просмотра


Жақында қала іргесіндегі Жұлдыз мөлтек ауданында Атырау-Индер тас жолында орналасқан мұсылман зиратының сыртын бетонмен қоршау жұмыстары басталып кетті.

Қаламыздағы ірі мұсылман зиратының сыртын қоршауға қалалық ТКШ бөлімі тапсырыс беріпті. Бұл мәселе бірнеше жыл бойына көтеріліп, 2017 жылдың соңында шешімін тапты. «АЖ» тілшісі қоршау жұмыстары жүргізіліп жатқан жерге барып келген соң  қалалық ТКШ бөліміне хабарласты:

- Бұл зираттың сыртын қоршауға 15, 2 млн теңге бөлінді. Биыл жыл соңына дейін 13 зиратты  қоршасақ, келесі жылы 14, барлығы 27 зиратты қоршау жоспарымызда бар. Бұл зиратты қоршау жұмыстары шамамен бір айда бітеді. Зиратты қоршау жоспары бойынша зиратқа кіретін бір ғана қақпа болады. Қосымша есіктер мен шлагбаум болмайды. Қоршау жұмыстары аяқталған соң зиратты тиісті мекемелердің балансына беретін боламыз. Зиратты қорғау, тазалау және т.б жұмыстармен қай мекеме балансына өтсе, сол мекеме айналысады.

Зират басында жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме – Ақтөбе облысындағы «Топ-Проект» ЖШС-нің мамандары қоршаулардың зираттың барлық периметрлері бойынша орнатылып, жерлеу орындарына тағы да жер қалдырылатынын айтты.

Зираттарды қоршау «Кәсіпорын, ғимарат, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердің бас жоспарларының жұмыс сызбаларын орындау қағидаларының» талаптарына сәйкес жүзеге асады. Ал аталмыш Жұлдыз мөлтек ауданындағы зират 19, 8740 га жерді алып жатыр.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

13 қараша 2017, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.