Атырау, 23 қараша 23:28
Таңертең ашық+1, күндіз +3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.22  € 388.07  P 5.60

Иран билігі: Зілзала құрбандары саны 164-ке жетті

13 қараша 11:49


"Иран-Ирак шекарасындағы күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 164 адамға жетіп, жараланғандар саны 1600-ден асып кетті" деп хабарлады Иран ішкі істер министрлігі. Ведомствоның 13 қарашада таратқан ақпаратына қарағанда, қуаты 7,3 магнитудаға жеткен зілзаладан Керманшах провинциясы ең көп зардап шеккен. Зілзала дүмпуі Түркиядан Кувейтке дейінгі аймақта сезілген.

АҚШ Геоогиялық қызметінің хабарлауынша, зілзала ошағы Ирактың солтүстік-шығысындағы Халабджа қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 32 километр қашықтықта, жердің 33,9 километр тереңдігінде тіркелген. Тегеран университетінің сейсмологиялық орталығы ақпаратына қарағанда, зілзала жергілікті уақыт бойынша сағат 21:48-де болған.

Иранның ресми ақпарат агенттігі жергілікті шенеунікке сілтеме жасап, зілзала құрбандарының саны артуы мүмкін екенін хабарлады. Иран билігі төтенше жағдайлар қызметі құтқару жұмыстарына 13 қараша таң ата кіріскенін хабарлады.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

221 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Киевте қаза тапқандар саны 25-ке жетті  693 рет қаралды

Лас-Вегастағы шабуыл құрбандары 50 адамға жетті  408 рет қаралды

"Ирма" дауылы құрбандарының саны 45-ке жетті  443 рет қаралды

Ауғанстанда қар мен көшкін құрбандарының саны 119 адамға жетті  496 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5