Атырау, 19 маусым 13:30
Кешке ашық+19, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 338.78  € 392.82  P 5.35

Тыйым салынған заттарды әкелу тыйылмай отыр

13 қараша 2017 10:59


Атыраудағы УГ 157/9 түзету мекемесінде 3 жыл мерзімге сотталған азамат Е.К.-ге оның анасы Н.К.-ның әкелген сәлемдемесінен есірткіге ұқсас заттар табылды. Ол зат сот-химиялық сараптамасына жолданған.

УГ 157/9 түзету мекемесінің бастығы Ерлан ДӘУЛЕТҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, аталған мекемеде соңғы екі айда әкелуге тыйым салынған заттар бойынша осыған ұқсас үш факті тіркеліп отыр. Алғашқы жағдай биылғы жылдың 13 қазанында болған. Ұрлық қылмысымен үш жылға бас бостандығынан айырылған М.К-ге оның танысы азаматша Г.А.-дан келген бандеролді беру кезінде шылым ішінен арнайы иісі бар жасыл-қоңыр түсті өсімдік текті белгісіз зат табылып, тәркіленген. Сот-химиялық сараптама актісіне сәйкес, алынған заттың «Марихуана» есірткілік құралы екені анықталған. Тура он күннен кейін екінші жағдай орын алады. Бұл кезде тағы да ұрлық қылмысы бойынша үш жылға сотталған Р.И.-ға оның әйелі Ю.С.-ның азық-түліктерін тексеру кезінде кофеге араластырылған арнайы иісі бар, ақ түсті белгісіз ұнтақ тәрізді зат табылып, тәркіленген. Табылған зат сараптамаға жолданған.

- Үшінші әрекет қарашаның 7-сінде болды. Бұл кезде кір сабынның ішіне жасырылған, пластик затқа оралған өсімдік тектес белгісіз зат табылған. Тағы бір тексеру кезінде шоколад ішіне айлалы тәсілмен жасырылған ұялы телефонның 5 бірлік сим-картасы шықты. Аталған ұқық бұзушылықтарға жол берген адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады және сот қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жылға сотталғандармен кездесулерден айырылады, - дейді Ерлан Дәулетқалиев.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1459 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

«Жер митингілері» туралы іс: Үздік қорғаныс – шабуыл  2353 рет қаралды

50-ге жуық қазақстандық турист Израильден ұша алмай отыр  719 рет қаралды

​Бельгия соты Ұлттық қордың 21,5 миллиард долларына шектеу қою туралы шешімнің күшін жойды  134 рет қаралды

​Бишімбаевқа қатысты шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалды  242 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6