Атырау, 19 сәуір 11:39
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

НАТО Ауғаныстанға тағы да әскер жібереді

1 587 просмотра

Фото: vestnikkavkaza.ru

Бүгін НАТО-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Брюссельде Ауғаныстанда 16 жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығысты талқылау үшін бас қосады. Осы аптада НАТО Ауғаныстанға қосымша 3 мың әскер жіберіп, ондағы одақтас мемлекеттер күштерінің санын 16 мыңға жеткізетінін хабарлаған болатын. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.  

Қосымша әскер Ауғаныстан күштерін жаттықтыру, әскери операцияларды ұйымдастыру және басқару істеріне көмектеседі. НАТО Ауғаныстандағы жағдай 2018 жылы реттеле бастайтынына сенім білдірді. "Қазірдің өзінде әуеден бомбылау және құрлық әскерінің бірлескен қимылдары Талибандықтардың шегінуіне әсер етіп отыр", -  дейді ұйым өкілдері. 

АҚШ Президенті осы жылы Американың Ауғаныстандағы стратегиясын жариялаған кезде, өз әскерін ол жақтан Талибандықтарды тас-талқан етіп жеңбейінше қайтармайтынын айтқан болатын. Мемлекет басшысының осы сөзінен кейін америкалық әскерилерге іс-әрекет еркіндігі берілді. Бірақ бұл мәселенің екінші тұсы да бар. Енді жаудың көзін құртуды мақсат еткен шетелдік күштер көзіне түскен аймақты бомбалап, бейбіт халықтың шығыны артуы мүмкін.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


9 қараша 2017, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.