Атырау, 23 қараша 23:27
Таңертең ашық+1, күндіз +3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.22  € 388.07  P 5.60

Түнгі шай опық жегізді

8 қараша 11:16


Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ хабарлағанындай, ҚР ҚК-ның 188-бабы («Ұрлық»), 191-бабы («Тонау») және 200-бабы («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша Атыраудың төрт тұрғыны ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Тергеу жорамалына сәйкес, олар өткен айда қаланың шет жағындағы май құю бекетін тонаған. Бекетте жұмыс жасайтын қызметкерлер түнгі 2-лерде ұйқыны қашыру үшін ұйымдасып шай ішетін болған. Бұл дағдылы әдетті сонда жұмыс жасайтын жігіттер жақсы білген. Түн жарымда бекетке келіп, екеуі тыста қалып, үшіншісі шай ішуге бір бөлмеге жиналғандардың сыртынан кілттеп, кассадағы бар ақшаны – 750 мың теңгені жымқырып кетеді.

Тергеу кезінде бұл жігіттердің 1995 және 1996 жылғы қала тұрғындары екені анықталды. Және олардың басқа да әртүрлі құқықбұзушылықтарға қатысы бар болып шықты: екі жеңіл көлікті қала сыртына айдап кетіп, бар затын тонап, машинаны айдалаға тастап кеткен. Бұдан бөлек, жеңіл көліктердің терезесін сындыру арқылы салондағы магнитофон және басқа да заттарды тонап кетіп отырған.  Олар пәтер ұрлығына да қатысы бар деп күдіктелуде.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1068 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

«Баландиннің «алтыны» бәрімізді жігерлендірді»  993 рет қаралды

Жұмыртқа өндірісі өркендеп келеді  1250 рет қаралды

​Адамдарға көмек көрсетуге арналған жобалар  807 рет қаралды

Өткен жылдар ескерткіштері  4291 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5