Атырау, 20 сәуір 18:53
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ақышев Bank RBK не себепті құтқарылатынын айтты

2 289 просмотра


Үкімет отырысынан кейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев RBK банкінің мәселесін шешу бойынша нақты шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгін Үкімет отырысында RBK банкінің мәселесі бойынша нақты шешім қабылданды. Үкімет Ұлттық Банк және квазимемлекеттік холдингтермен бірігіп, аталған банкті сауықтыру бойынша жұмыстарды белгіледі. Банктің 600 млрд теңгеге бағаланған проблемалы портфелі мамандандырылған компанияға беріледі. Ол компанияның тікелей банк жұмысына қатысы жоқ. Осының нәтижесінде банк проблемалы портфелі бойынша тиісті жұмыстарды жүргізеді. Бұл жұмыс Ұлттық банк пен квазимемлекеттік компаниялардың қаржысы есебінен жүреді. Осы қаржы бұған дейін несие ретінде берілген. Осыдан кейін инвестор RBK банкін 160 млрд теңгеге капитализациядан өткізеді», - деді ол.

Осы орайда Ұлттық банк төрағасы неге осындай шешім қабылдағанын түсіндірді.

«Біріншіден, осы банкте еліміздің көптеген азаматтарының қаржысы сақтаулы. Оның мөлшері – 108 млрд теңгеге жуық. Оның ішінде жеке азаматтардың 28 мың шоты мен депозиті бар. Сондықтан банкті сауықтыруға шешім қабылданды. Сондай-ақ, азаматтарымыздың жинаған ақшасын қорғау назарға алынды. Банк алдағы уақытта тиісті процедураларды жүргізеді. Ұлттық банктің банк секторын сауықтыру бағдарламасына RBK банкі де қатыса алады. Тиісті жұмыстардың нәтижесінде біз «сау», проблемалы портфелі жоқ банкті аламыз», - деп түйіндеді сөзін Данияр Ақышев.

Дереккөз: Baq.kz

7 қараша 2017, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.