Атырау, 23 қараша 23:34
Таңертең ашық+1, күндіз +3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.22  € 388.07  P 5.60

Үйлену оңай...

7 қараша 11:11

Атырауда жылына 2 570 жұп отау құрса, есесіне жыл сайын 1 500 жұп ажырасып тұрады. Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Рая УРАЛОВАНЫҢ мәліметіне сүйенсек, қалада ажырасуға арыз беретіндердің ең жасы 20-да болса, үлкендері 60 жасқа келгенде осындай шешімге келіп жатады.

АХАЖ бөлімі берген ресми мәліметте неке бұзудың көп жағдайдағы себебі - ерлі-зайыптылардың өзара міндеттерінің келіспеушілігіне және ортақ балаларының болмауына байланысты екендігі көрсетілген. Біреулер 30 жыл отасып келіп ажырасуға арыз берсе, арасында үйленіп бір айдан соң некесін бұзатындар кездеседі.

Қателігін түсініп немесе өзге де себептермен АХАЖ бөліміне келіп, үшінші мәрте неке қидырғандар кездескен.

Неке қиюға келгендердің ең кәрісі 70-75 жастағылар екенін де атап өткен жөн.

Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Атырауда 35 жұп шетелдіктермен отау құрған. Олардың арасында басым бөлігі Өзбекстан, Түркия, Ресей, АҚШ елінің азаматтары бар.

Қалада АХАЖ бөлімі берген неке куәлікті алып, екінші рет ресми шара ұйымдастырып беретін неке сарайлары да бар. Және олар қандайма бір журналда тіркеледі. Ал біздің ақпаратымыз бойынша, мемлекеттік мекеменің азаматтық хал актілерін тіркеу туралы ресми журналын сыртқа шығаруға қатаң тыйым салынған.

АХАЖ бөлімінің басшысы Алмагүл ТУРЕМУРАТОВА ХҚКО мен АХАЖ берген куәліктен басқа некені тіркеу туралы журналдар заңды құжат болып табылмайтындығын, оларды жеке кәсіпкерлер мен әр түрлі агенттіктердің жүргізіп отырғандығын атады. Жәй естелік үшін шара ұйымдастырып беретін неке сарайларының бағасы 15 мыңнан 150 мың теңгеге дейін жетеді.  

Осындай бірнеше хабарландырулар бойынша хабарласып, тағы қандай қызметтер көрсететінін білдім.  

Агенттіктердің бірінің өкілі салтанатты неке қию рәсімін қонақ үйлердің бірінің залында өткізетіндігін, бағасы 60 мың теңге болатынын атады. Неке куәлігіңмен, сақинаңмен бірге барасың. Сол ақшаға неке куәлігіңді салтанатты түрде өзіңе табыстап, бейресми журналға қол қойғызады. Бұл қаражаттың ішіне кештің сәнін келтіретін ұлттық көйлек киген 4 қыз, тіркеуші, екі көгершін, шампан, музыкант және даяшы кіреді.

Ал, бағасы 57 мың деп таныстырған енді бір неке сарайы фото мен видеоға түсіру қызметін қоса ұсынатындығын айтса, менде зал жоқ жеке кәсіпкермін деп таныстырған ұйымдастырушы той болатын күні жалғыз өзі мейрамханаға барып куәлік табыстайтындығын жеткізді. Жастардың қолына сақина кигізіп, журналға қол қойдырғаны үшін ол 15 мың теңге алады.

Әуежайға барар жолда орналасқан «Салтанат сарайында» сақина алмасып, неке куәлігін алу да сәнге айналған. Бұл шара мұнда 105 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін барады. Бәрі қызмет түрін таңдауыңызға байланысты. Жас жұбайлар мен олардың ата-аналары тойға қалай қамданса да өз еркі, ең бастысы, отбасы ойран болмаса болғаны. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

851 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Көмек тиелген алғашқы үш жүк көлігі Қарағандыға жетті  890 рет қаралды

Ата-аналар бойкот жариялады  1192 рет қаралды

Балық комбинаты: алыптың орны ойсырап жатыр  1744 рет қаралды

Жұмыртқа да, трикотаж да, тұздалған өнімдер де болады  2003 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5