Атырау, 28 наурыз 20:04
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Техастық шабуылдаушының не себепті қантөгіс жасағаны белгілі болды

2 380 просмотра


АҚШ-тың Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қаласында орналасқан баптистік шіркеуде тұрғындарға оқ атқан Девин Келлидің бұл әрекетке не себепті барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Техас қоғамдық қауіпсіздік департаментінің өкілі Фриман Мартиннің хабарлауына қарағанда қылмыскер бұл әрекетке отбасындағы кикілжің салдарынан барған болуы мүмкін.

«Шіркеуде зардап шеккен жігіттің енесі Келлиден үнемі қауіптеніп жүретінін мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда күйеу баласы өз отбасында ұлы мен әйелін бірнеше рет ұрып-соққан», - дейді Фриман Мартин.

Сонымен қатар, осы атыс салдарынан бір үйдің 8 адамы көз жұмған. Олар Джон Холкомба есімді жергілікті тұрғынның аяғы ауыр екінші әйелі Кристал және алғашқы әйелінен қалған төрт баласы, әке-шешесі мен балдызы. Джонның өзі мен алты жастағы қызы және шіркеуге алып келген сырқат ұлы ғана аман қалған.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, атысқа Каллидің «психикасындағы ауытқушылық» себеп болған.

Айта кетейік, 5 қарашада АҚШ-тың Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қаласында орналасқан баптистік шіркеуде белгісіз азаматтың тұрғындарға оқ жаудырғанын хабарлағанбыз. Шабуыл салдарынан 27 адам көз жұмып, 30-ға жуық тұрғын жараланған.

Девин Келли АҚШ-тың әскери-әуе күштерінде қызмет еткен. 2010 жылдан бастап Нью-Мексикодағы Холломан әуе базасының тылында жауынгерлерді дайындаған. 2014 жылы тәртіптік жаза алып, жұмыстан шығарылған. Содан кейін 12 ай қамауда болған.

Дереккөз: Baq.kz

7 қараша 2017, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.