Атырау, 23 қараша 23:25
Таңертең ашық+1, күндіз +3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.22  € 388.07  P 5.60

Жексенбілік серуен

6 қараша 19:18


Күн жылы болса, көшеде жасы да, кәрісі де жүреді. Мұнайлы астананың жағалауында да түнерген ауа райына қарамастан серуендеген тұрғындар толып жүр екен.

Төңіректе жайбарақаттық пен тыныштық орнап, әлдебір жеңіл үйлесім тауыпты. Біреулер отбасымен серуен құрса, енді біреулер оңаша сейілдеуді жөн көрген.

Жағалау бойы су айдынына қарап, өзара күбірлескен балықшыларға толы екен. Сәлден соң өтіп бара жатқан катер тегіс су айдынын бұзып өтті. Бұта түбіндегі шағын тырбық ағашқа қаңғыбас мысық жайғасыпты. Олжаларын бөлісер ме дегендей, балықшыларға көз тастап қояды. Өтіп бара жатқан адамдарға қарасаң, әрқайсысы жылы ауа-райына рахаттанып, серуендеп қалғысы келгендей көрінеді.

Енді осы апта бойына облыс орталығында бұлыңғыр ауа райы орнайды. Тек анда санда ғана қалың бұлт арасынан күзгі күн сәулесі шуақ шашады. Апта соңына қарай азғана жауын-шашын болады және температура 6 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Жылы киініңіздер.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

698 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қыстақтағы үш күн  1357 рет қаралды

2017 жылы су тасиды деген қауіп бар  1078 рет қаралды

​Жаңа жыл түні аязды болады  960 рет қаралды

Микронесиелер 2015 жылы да беріледі  754 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5