Атырау, 20 сәуір 04:21
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ұрлық түбі - қорлық

9 651 просмотра


Атырауда қаладағы №2, 12, 14 автобус маршруттарында қалта ұрлығымен айналысқан 1984 жылғы жігіт ұсталды. Ол 26 эпизод бойынша айыпталуда.

Ол бұған дейін қалта ұрлығымен үш рет сотталған. Ұсталушы қоғамдық көілкте адамдар таңертең жұмысқа баратын қарбалас кезді пайдаланып, әмиян мен ұялы телефонды қалталарынан суырып әкетіп отырған.

- Ол үйленбеген, қалта ұрлығымен бірнеше жылдан бері айналысады, - деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. – Баспанасы жоқ, пәтер жалдап тұрған. Жалдамалы пәтерін тексеру кезде ұрланған бірнеше құжаттар табылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қараша 2017, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.