Атырау, 20 сәуір 00:49
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Delta Bank» акционерлік қоғамын тарату процесі басталды

1 833 просмотра


ҚР Ұлттық банкі «Delta Bank» АҚ банк операцияларын жүргізуге, құнды қағаздар нарығында жұмыс жасауға лицензиясын тоқтату туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Ұлттық банкінің 2017 жылғы 2 қарашадағы №194 қаулысына сәйкес 3 қарашадан бастап «Delta Bank» АҚ банк операцияларын жүргізуге, құнды қағаздар нарығында жұмыс жасауға лицензиясын тоқтатты.  

Бұл шешімге келісімде көрсетілген төлем және аударым міндеттемелерін уақытында орындамау (1 жылда 2-3 рет), пруденциалды нормативті 1 жылда бірнеше рет бұзу дерегі негіз болып отыр. ҚР Ұлттық банкі төрағасының 2 қарашадағы №402 бұйрығымен уақытша әкімшілік құрылды. Уақытша басшылық тарату комиссиясы құрылғанға дейін жұмыс істейтін болады. 3 қарашадан бастап клиенттердің банк шоты бойынша барлық операциялар тоқтатылды. 

Өз кезегінде ҚР Ұлттық банкі заң аясында банк жұмысын мәжбүрлі тоқтату туралы сотқа арыз түсірді. Іс қозғалған күннен бастап кредиторлар талаптарын тарату өндірісі аясында ғана қоя алады. «Delta Bank» АҚ жеке тұлғалардың депозитін кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болғандықтан салымшылар ақшасын ала алады. Депозиттер, төлем картасындағы қаржылар, банк шоттарындағы ақшалар «Қазақстан депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ қорғалған. Қор 10 млн теңге, шетелдік валютадағы салымдар 5 млн теңгеден аспаған жағдайда депозиттерді өтейді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 қараша 2017, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.