Атырау, 19 сәуір 17:09
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Бас дәрігерлердің басы қатты

3 959 просмотра


Жақында аттестациядан өткен Атырау облысындағы медициналық мекемелердің 23 басшысының 20-сы өз лауазымдарына сай. Бұл туралы брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА хабарлады.

Өткен аптада «АЖ» редакциясына бас дәрігерлер хабарласып, өз наразылықтарын білдірген еді. Анонимді түрде олар бір-екі апта бұрын өткізілген бірінші аттестацияның нәтижелерімен мүлдем келіспейтіндерін айтты. Ол кезде дәрігерлер 150 сұраққа дұрыс жауап бере алмаған, көпшілігі тіпті 50 баллды да жинай алмапты. Осындай төмен нәтижелерге байланысты аттестация қайтадан өткізілген.

– Республикалық білім мен дағдыларды бағалау орталығы жүргізетін аттестация процесіне тестілеу де кіреді. Бірінші тестілеу кезінде техникалық ақау орын алғандықтан оның нәтижелері жарамсыз болып танылды. Екінші тестілеу қорытындысы бойынша 20 басшы оң нәтиже алса, үшеуі, өкінішке орай, өте алмады, - дейді М. Аймұрзиева.

Облыста 36 түрлі медициналық мекеме бар, алайда тек ереже бойынша өтуге жататын ұйымдар аттестацияланған. Соңғы жылы лауазымға отырған бас дәрігерлер аттестациядан өтпейді.

Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, қазіргі таңда облыста медициналық кадрлардың жетіспеушілігі байқалмайды, алайда келесі жылы 70 дәрігердің тапшы болатыны болжануда. Ол медиктердің бір бөлігі зейнетке кетуіне байланысты, жаңа медициналық мекемелер ашылса, емханалар мен стационарларда геронтологтар, клиникалық фармакологтар, фтизиаторлар үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Былтыр медициналық оқу орындарын Атырау облысынан шыққан 29 түлек аяқтады. Қазір медициналық институттар мен академияларда 70 жерлесіміз білім алуда – олардың 35-і бюджет қаржысына, қалғандары компаниялар мен ұйымдардың демеушілік қаржысына оқуда. Медициналық ұйымдардың өздері – облыстық перинаталдық орталық, облыстық аурухана, Геологтағы емхана және т.б. – тезірек нәтижеге қол жеткізіп, дайын мамандарды қатарларына қосу үшін жоғары курстағы студенттердің оқуын төлеуді қолдайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Атырау мектептерінің түлектері медицина саласына баруға аса құлшыныс танытпайтындарын атап өтті – бұл оқу орындарында білім алу басқа мамандықтарға қарағанда ұзақ әрі қымбат. Жоғары оқу орындарында оқу ақысы жылына 800 мың теңгеден, резидентурада миллион теңгеден басталады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

3 қараша 2017, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.