Атырау, 24 сәуір 05:56
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Аңшылық кезінде қайғылы оқиға орын алды

4 686 просмотра


Қарашаның 1-і күні түнде Жылыой ауданының «Биікжал» елді мекеніндегі «Бес ағайынды» қыстағында қайғылы жағдай орын алды.

Малшының 18 жастағы көмекшісі мен қыстақтағы туысқандарына қонаққа келген 14 жастағы жиені түн ортасында аң аулауға шығады. Бұл кезде үй иесі ұйықтап жатқан. Аңшылық соңы қайғыға ұласты. Жиені байқаусызда малшы көмекшісін атып алады. Оқ басынан тиіп, жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 қараша 2017, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.