Атырау, 20 сәуір 14:15
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Слесарь жетпейді

5 429 просмотра

- Биылғы мамырдың басында тұтыну нүктелерін (қазандық, т.б.) техникалық қарауға өтініш берген едім. Сол аптада қызметкер жіберуге уәде берген-ді. Бірнеше рет телефон соқтым, қызметкердің еңбек демалысында екенін айтты (Еркінқала-2-ге қызмет көрсететін). Ауылдық округтерде тексеру бойынша топтар ұйымдастыруға болмай ма?

Ажар

Сұраққа «РЦКУ-Атырау» ЖШС директоры Асхат ЖОЛАТОВ түсініктеме берді:

- Беріліп, орындалмаған өтініш бойынша кешірім сұраймыз, бұл ауылда слесарьдың жоқтығы бізді ақтамайды, 25-07-30 телефонына хабарласыңыз, жұмыстардың орындалу күні мен сіздің өтінішіңізді қабылдап, тіркеген техниктің аты-жөнін нақтылап алыңыз. Ұсынысыңыз үшін рахмет, әр ауылдық округ бойынша кезекші слесарьдың болуын қарастырамыз. Қазіргі кезде штаттық бірліктер Ақжар және Геолог ауылдарында бар.

2 қараша 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.