Атырау, 29 наурыз 04:53
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Түнгі көлік апаты

Сурет
3 391 просмотра


30-нан 31-қазанға қараған түні Атыраудағы Сәтпаев даңғылындағы №36 үйдің маңында ЖКО орын алып, салдарынан екі сағат бойы Сәтпаев-Тайманов және Сәтпаев-Молдағұлова қиылыстары арасындағы қозғалыс жабылды.

Оқиға орнына екі жедел жәрдем мен оншақты полиция көлігі келген. Полиция қызметкерлері оқиғаға комментарий беруден бас тартып, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ екенін ғана айтты.

Куәгерлер Сәтпаев даңғылымен жоғары жылдамдықта орталық көпірге қарай қозғалып бара жатқан Кіа автокөлігі бір кезде кенет солға қарай бұрылып, бордюрден асып, ортадағы жасыл бөлікті жарып өтіп, бірнеше теректі сындырып, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кете жаздағанын айтты. Жүргіншілер өткелінен бірнеше метр жерде көлік металл тутұғырға соғылып, су бұрғыш арыққа түсіп кеткен.

Аздан кейін облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА былай деп хабарлады:

- 30 қазан күні сағат 23.40-та Сәтпаев даңғылында жүргізушінің бір қатардан екінші қатарға шыққысы келген кезінде оның «Рено Логан» автокөлігі «КиаЦерато» көлігімен соқтығысқан. Екі жүргізуші де сау болған. Олардың ешқайсысының да полицияға қатысы жоқ. Сараптама жүргізілуде, материалдық зиян бойынша ТКШ анықтамаса дайындалуда.

Тамара СУХОМЛИНОВА 

Суретті түсірген автор

1 қараша 2017, 13:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.