Атырау, 19 ақпан 00:43
Таңертең ашық-5, күндіз -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.42  € 400.04  P 5.66

Атыраудан шыққан Модильяни  

31 қазан 2017 11:08


Атыраудағы өнер музейінде жерлесіміз, КСРО суретшілер Одағының мүшесі  Шаймардан САРИЕВТІҢ 80 жылдығына орай «Шаймардан шұғыласы» атты кітап-альбом мен деректі фильмнің тұсаукесер рәсімі өтті. Біздің өнер музейі де осы суретшінің атымен аталады (оны қазақстандық Модильяни деп атаған).

Кітап-альбомды ақын, журналист Тарас НАУРЫЗӘЛІ құрастырып, суретшінің салған суреттерін, эсселері мен әңгімелерін төрт бөлімге бөлген. Ал деректі фильмде Сариевтің өмірбаяны туралы айтылып, жары Күлпәш пен әріптестері, сонымен бірге, кітап-альбомды құрастырушы-автор Т. Наурызәлі ол туралы ескірмейтін естеліктерімен бөліскен.

Қонақтардың назарына «Шопан», «Әйел портреті», «Құмыраға салынған гүлдер» және т.б. туындылары ұсынылды.

- Бұл шараның басты мақсаты - жерлестерімізге Шаймардан Сариев ағамызды кеңінен таныстыру, - дейді музей басшысының орынбасары Жәнібек АМАНИЯЗОВ. -  Өз заманында ол тиісті бағасын алмаса да, халық оны өз  заманының  үздік суретшілерінің бірі әрі бірегейі деп мойындады.

Ш. Сариев 1937 жылы Атырау облысы Исатай ауданы Забурын ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1965 жылы  Харьков көркемсурет институтын бітірген. Ал бұған дейін жас күнінде шахтер, радиотелеграфист, токарь болып еңбек еткен. Соның өзінде жаны қалаған жұмысы – шығармашылықпен айналысуды тастамаған. Оның Қазақстан бейнелеу өнерінің алтын қорына енген картиналары көп. Ол өмірден ерте кетті, 1988 жылы дүние салды.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

786 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қазан полициясының экс-басшысы қазақстандықты ұрлағаны үшін сотталды  307 рет қаралды

Атыраулық спортшы өзге елде өнер көрсетіп жүр  1355 рет қаралды

Тіркелу керек, әйтпесе емделу ақылы болады  1689 рет қаралды

«Балақаймен қосылып жыладым да ойынды жалғастырдым»  1527 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5