Атырау, 29 наурыз 15:29
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ресей Елшісі: Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне құрметпен қараймыз

2 127 просмотра


Ресей Қазақстанның мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіруін құрметпен қарайды. Мұндай пікірді бүгін елордада өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі мен РФ Федералды жиналысының Мемлекеттік думасы комитеттерінің кездесуінде Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников (суретте) білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазақстан орыс тілі Конституцияға сәйкес ресми мәртебесі бар мемлекеттердің бірі. Ресей егемен Қазақстанның алдағы уақытта мемлекеттік тілді латынға көшіру туралы шешімін түсіністікпен және құрметпен қарайды», - деді Ресей Елшісі. 

Осы ретте Елші «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және басқа да елдің ресми тұлғаларының нық мәлімдеуінше, Қазақстанда орыс тілінің позициясы сақталып отырғанын» баса айтты. Бұған қоса, Қазақстанның орта мектептерінде орыс тілін оқыту жалғасу үстінде екендігін атап өтті. 

«Өйткені, республика басшылығы орыс тілін ел азаматтарының еркін меңгеруін Қазақстанның маңызды мәдени басымдығы ретінде қарастырады. Қазірдің өзінде Қазақстанның ресми истанциясынан орыс тілі мұғалімдерінің жоғары деңгейде қажет етілетіндігі, олардың санын арттыруға қызығушылық бар екендігі, сонымен қатар ресейлік жоғары оқу орындарының жаңа филиалдарының ашылатындығы туралы ақпаратымыз  бар. Ресей тарабы бұл бағытта өзінің көмегін беруге дайын», - деді Бочарников.

Дереккөз: ҚазАқпарат

30 қазан 2017, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.