Атырау, 28 наурыз 18:35
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Киевте Саакашвилидің жақтастары митинг өткізді

1 914 просмотра


Киевте Жоғарғы Рада алдында Одесса облысының бұрынғы губернаторы, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің (суретте) жақтастарының митигісі өтті деп хабарлайды Азаттықтың Украин редакциясы. Акцияға жүздеген адам қатысты.

Митингіде сөйлеген Михаил Саакашвили Украина билігін 7 қарашаға дейін демонстранттар талабын орындауға, оның ішінде парламентке Украина президентке импичмент жариялау туралы заң жобасын шақырды. Саакашвили сонымен бірге наразылық танытушылар "бұдан жүз есе көп болуы тиіс" екенін және олар "Жоғарғы Рада терезесі алдында телміріп тұрмай", бейбіт түрде қарсылық танытудың басқа да формаларын пайдалануы тиіс екенін мәлімдеді. Грузияның бұрынғы сотқа президенттің өзін украин азаматтығынан айыру жарлығын сотқа бергенін де айтты.

Украина парламенті алдындағы наразылық акциясы 17 қазаннан бері өтіп жатыр. Демонстранттар ел президенті мен депутаттардың жұмысына разы емес.

Саакашвили 2015-2016 жылдары Одесса облысын басқарған. Губернатор қызметін атқарып тұрып, Саакашвили Порошенконы коррупцияға батты деп айыптаған.

2017 жылдың шілдесінде Петр Порошенко Саакашвилиді Украина азаматтығынан айырған. Қазан айында оған босқын мәртебесін беруден бас тартылған. Саакашвили Киев өзін Грузияға экстрадицияламақ деп күдіктенеді. Грузияда Саакашвилидің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз: Азаттық

30 қазан 2017, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.