Атырау, 20 сәуір 21:00
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Қай қазақтан кем едім"

3 910 просмотра


Атырауда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВТІҢ «Қай қазақтан кем едім?» атты шығармашылық кеші өтті.

ҚР жазушылар Одағының облыстық филиалы төрағасы,  «Өнерпаз» қайырымдылық қорының басшысы және республикалық «Махамбет» қорының вице-президенті 1948 жылы қазанда Индер ауданында туған. 1975 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Өнер кешіне жиналған ақынның үзеңгілес достары, ізбасар інілері ақынға шапан жауып құрмет көрсетті. Шығармашылық кеш барысында ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, көрермен назарына ұсынылды.

Ақынды құттықтауға келген облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ былай деді: «Сіздің Махамбет өмірі мен шығармашылығын зерттеуге қосқан үлесіңіз өте зор. Және менің түсінгенімдей, Сіз Махамбетпен  тағдырыңызда ұұқсастық бар деп ойлайсыз. Ендеше мен сізге оның басына түскен қиындықтардан айналып өтіп, халықтың ықыласы мен махаббатына бөленуіңізді тілеймін». 


Ердос ҚАСЫМ 

Суретті түсірген автор


29 қазан 2017, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.