Атырау, 23 сәуір 13:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Батпаққа тігілген жас отау

Сурет Бейнежазба
3 430 просмотра

«Жыры бітпеген жатақхана» («Не хуже других-это как?») атты мақаламыз жарық көрген соң редакциямызға «Жас отау» бағдарламасымен салынған Нұрсая ықшам ауданындағы №14 көшенің №21 үйдің тұрғындары хабарласты. Тұрғындар қалалық әкімдік жаңа отауымызды балшықтың ортасына тігіп берді деп налиды.

Осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген бес қатарлы үйдің екі жағын құрылыс, алдыңғы жағын мектептің қоршауы бітеген, артын батпақ жайлаған. Осы жылы жазда әкімдіктен үйлерді қарауға келеді дегеннен соң, жарты айда үйдің артына жол салғанымен, аулаға кірер жолды салмай кеткен.

Тұрғындар «қалалық әкімдікке де, Нұр Отанға да хат жаздық, бәрі жақында болады» деп құр уәдемен шығарып  салғандарын айтады. Балалардың мектепке барар жолын тұрғындардың өздері жол салып алған. Бірақ аялдамаға немесе балабақшаға бару үшін аяқтарына целофан орап,  екі аяқ киім арқалауларына тура келеді.

Нұргүл ТАҒАЙБЕКОВА, №21 үйдің тұрғыны:

- Екі жылға жуық мына асфальт та болған жоқ. Қаланың ортасында тұрып, жол тауқыметін тартамыз деп ойламаппыз. Уәде бергенімен, іске келгенде бәрі «салып береміз, күтеміз» бен шығарып салады. Алдымыз қыс, қар-балшық болған кезде ауламыз суға толып кетеді. Асфальтқа дейін жеткенше аяғымыз балшыққа малынып, тіпті екі аяқ киім арқалаймыз.

Сонымен қатар, үйді жас отбасыларға салтанатты түрде табыстағанда подъездерге жылу батареялары орнатылып, жылу есептегіш құралдары қондырылған. Бірақ, кейін подъездегі жылу батареяларын кесіп әкеткен. Ал жылу есептегіш құрал жұмыс істемейтін болып шыққан.

Бибігүл ШАЙХИЕВА, тұрғын:

- Қазір біз есептегіш құралдың көрсеткішіне емес, квадратураға төлеп отырмыз. Квадратурамен есептегенде ай сайын - 7-8 мың теңге шығады, ал жылу есептегіштің көрсеткішімен есептегенде - 3-4 мың теңге шығады.

Жасотаулықтардың мәселесі бойынша  қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінен жауап алу мүмкін болмады. Орталықтағы батпақта орналасқан жасотаулықтардың отауларының жәйі қашан түзелері белгісіз...


Фархат ӘБІЛОВ 

Сурет пен видео Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 қазан 2017, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.