Атырау, 29 наурыз 19:46
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Астанада болған қанды оқиғаның мән-жайы айтылды

3 157 просмотра


26 қазанда кешкі уақытта Астанадағы "Гүлжан" сауда орталығының алдында көптеген адамның көзінше қанды оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Бірін-бірі танымайтын екі ер адам жанжалдасып, артынша біреуі ауруханаға түскен, ал екіншісі қамауға алынды. Әлеуметтік желіде тараған видеода зардап шеккен адам қан-жоса болып жатыр, жанынан өтіп бара жатқан адамдар оған көкмектеспекші болған. Видеода мынадай сөздер естіледі: "Ол қансырап жатыр", "Жедел жәрдем шақырыңыздар", "Тиіспеңдер оған".  

Елордалық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Софья Қылышбекованың айтуынша, оқиға туралы хабар кезекші бөлімге 18:00-де түскен. "Оқиға орнына жеткен қызметкерлер 35 жастағы ер адамды тұтқындады. Зардап шеккен 1984 жылғы ер адам "ашық түрде миы зақымданған" және "кеудесінен жарақат алған" деген диагнозбен ауруханаға түсті. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Ұсталған адам жанжалдың неден шыққанын айтып берді. Ол көліктен түскен кезде зардап шеккен ер адам мас күйде болған және балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Ер адам оған дене жарақатын салған.  Астана ІІД өкілі оқиға барысында ешқандай суық қару болмағанын айтты. Қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz


27 қазан 2017, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.