Атырау, 19 ақпан 00:59
Таңертең ашық-5, күндіз -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.42  € 400.04  P 5.66

Суретке деген махаббат  

25 қазан 2017 15:49


Жерлестеріміз туған өңірімізден тыс жерде өздерін көрсетіп, танымалдылыққа ие болып жатса, қуанып қаласың. Сабина ҚУАНҒАЛИЕВА Алматы қаласындағы ARTMEKEN мәдени кеңістігінде өткен CURVES* көрмесінде фото жұмыстарымен өзіне назар аудартты.

Балалық шақ.

- Көп нәрсеге қызықтым, бірақ, бимен шындап айналыстым. Мектепке баруға аса құлшынысым болмады. Пәндерден математика мен дүниежүзі тарихын оқитын болдым, жоғары сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті қызықтырды.

Көшу.

- Жақсы білім алып, өзімді тапқым келді, жайлы жерде отыра бергім келмеді. Ата-анам мені Америкаға жіберген, одан кейін мен Куала-Лумпурдегі британдық Sunway University филиалына оқуға барып, кейін Англияға ауысқым келген. Алайда каникул кезінде махаббатымды жолықтырып, Алматыдағы КМЭБИ-де (КИМЭП) оқитын болып шештім. Жаңа ортада ешқандай қиындық тумады, үйді де аса сағына қойған жоқпын. Бір жерге байлану деген менде болмаған, отбасымызда кішкентайымыздан еркіндік пен дербестікке баулыған.

Күнделікті өмір.

- Менің әр күнім кеш басталады, ұйықтап қала беремін. Атыраудағы өз үйімнен кеткелі бері күн сайын солай (күледі). Мен таңғы ас ішпеймін. Американо кофесін ішу үшін үйден жүгіріп шығып, кофеханада немесе шеберханада әрі қарай не істейтінімді ойлаймын. Бұл кездесулер, түсірілімдер немесе шеберханадағы өз ойымдағыдай шықпай жатқан инсталляциямен екі апта бойы арпалысып жүрген шығармашылық тіршілік болуы мүмкін.

Шығармашылық.

- Бәрі 14 жасымда басталған еді, мен Google+ платформасында өз блогымды аштым. Ол кезде Қазақстанда контентті бәрі Yvision-ға (онлайн-күнделік жүргізуге арналған қазақстандық тегін блог-платформа) салатын. Негізінен өз уайымдарым туралы жаздым, кейде әңгімелерімді де жариялайтынмын. Уақыт өте келе менің түсініксіз жазбаларымды оқитын тұрақты аудиториям жиналды. Сол кезде досым, керемет сатирикпен бірігіп интернет кеңістігінде «Юность» ресми емес шығармашылық ұйымын құрдық. Осы шағын ұйымның аясында шынайылықты алғашқы рет сыни тұрғыда тануым басталды. Дәл осы тұста Хемингуэйді оқыдым, одан кейін Блок, Ахматова, Цветаева мен Маяковскийді ұнаттым. Шығармашылықтың адамдары мен үшін идеал болды, ал саяси тұлғалар аса көп әсерлендіре қоймайтын.

Фотосуреттер.

Фотосуретке деген махаббатым Алматы қаласындағы CAPTURE фотосурет орталығынан басталды – ол өз үлесімді қосқан бірінші әрі өзіме ең жақын жоба. Ол жерде мен көптеген адамдармен таныстым. Оларсыз қазіргі өмірімді елестете алмаймын. Зарина Гайнуллинамен танысып, сол кісінің үйретуімен жалаңаш қалсаң де, өз ісіңді жақсы көрудің не екенін ұғындым. Өмірімді түбегейлі өзгерткен деректі фотосуреттер туралы бірінші лекцияға да қатыстым. Мен өз жұмыстарыма мін көзбен қараймын. Олар үнемі менің ойымдағыдан нашарлау болып көрінеді. Бір жерінде формасы сай болмаса, басқа жерінде концепция жоқ, тағы бір тұсында экспонаттау көңіліме жақпай жатады.

Саяхат.

- Саяхаттау үшін бір қарағанда батыл немесе есалаңдау болған дұрыс сияқты, алайда, шабыт болса жеткілікті. Маған өз саяхаттарымның тарихы ұнайды, олар күнделіктерімде, үнемі бұзыла беретін телефонымның жазбаларында сақтаулы. Олар жариялауға емес, жеке әңгімелесу, кездесуге арналған.

Тұрақты жұмыс

- Мен 9-дан 18-ге дейінгі жұмысты, сыйақылар мен зейнетақыны армандаймын. Бірақ өзім қызығатын нәрседен басқа дүниені жүйелі түрде жасай алмаймын. Жұмысқа барып-келу деген менде жоқ. Жұмыс менің басымда, өмір солай. Әлем бір орында тұрмайды, әйтеуір бірдеңе болып жатады, сен суретші ретінде соның бәрін түсініп, ұғынып, сезініп үлгеруің керек.

Көрме.

-  Ешқандай романтика жоқ. Серия шабыттан басталды. Менің жігітім Мәскеуде тұрды, ол ұйықтап жатқанда бос отырмау үшін суретке түсіруді бастадым. Осылайша curves* сериясы басталды. Сезім мен интеллект, шабыт пен саналы әрекет туралы жиі әңгімелесетінбіз, сол ұзақ сөйлесулеріміз фотосуреттер сериясынан орын алды. Серияда менің торығудан шығуым, шынайылықпен келіспеушілігім де бейнеленген. Және сериядағы бірнеше суретті Гаухар Сәтпаева байқап, жаңа галереясына қоюды ұсынды. Кейбір қиыншылықтар болды, себебі, көрмені өзім бірінші рет ұйымдастырып тұрғаным, енді олай жасамаймын (күледі).

Жоспарлар.

- Қазір Қазақстандағы қатысым бар жобаларды аяқтап жатырмын, қосымша Нью-Йорктен жұмыс іздеудемін. Туған жерімде тұрып болдым, түнімен жүк көтеруші болып жұмыс істеп, күндіз ортаазиялық суретшіге назар аударатын куратор іздегім келеді. Жоспарымда әзірге махаббат пен шығармашылық.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген Сабина ҚУАНҒАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1138 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Әсияның тізімі  1389 рет қаралды

Өз тағдырының ұстасы-2  1227 рет қаралды

"Өз әкесін мойындаған адам - батыл"  1438 рет қаралды

Нағыз еркек ештеңеден қорықпайды  1802 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5