Атырау, 20 сәуір 10:42
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Айдалада ақ отау

5 755 просмотра

Талғайран ауылы маңына салынатын жаңа тұрғын үй кешені

20 қазан күні Атырау облысының әкімдігінде жергілікті биліктің қала сыртындағы Талғайраң поселкесінің маңынан үлкен ықшамаудан салу жоспарына арналған үй салушы компаниялардың басшыларымен жиналыс өтті. 

Жиналысқа облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік АМАНОВ төрағалық етті:

- Әзірге екі инвестор тек 50 және 80 пәтерлік екі үй салуға келісті. Олар банктен несие алады, субсидияларды «Даму» қоры төлейді, пәтерлерді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» сатып алады. Неден қорқасыздар?

Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Қуанышбек МАҚАШЕВ баяндама жасады. Оның айтуынша, былтыр бекітілген Бас жоспарға сәйкес қала солтүстік бағытқа қарай өзеннің екі жағасы бойынша дамиды. Болашақ құрылыстың негізгі бөлігі қала маңындағы Талғайраң поселкесінің ауданында – Атырау-Индер тас жолының шығыс бетіндегі ипподром мен моланың жанында болмақ. Бұл арадан 1 400 га жер бөлінген, оның 540 гектары бес және тоғыз қатарлы үйлердің құрылысына арналған. 

Кезең бойынша бес ықшамаудан салынбақ. Олардың төртеуінде бір-бір мектеп пен 2 балабақшадан салу жоспарланған. Ал, бесінші, ең үлкен ықшамауданда 2 мектеп пен 4 балабақша болады. 

Жаңа құрылыс бағытына ЖЭО-нан 30 шақырым жылу жүйелері мен кернеуі 110 кмловольт болатын 30 шақырым электр жеткізу желілерін жүргізу жоспарланған. Ұзындығы 20 шақырым болатын газ құбыры Мақат – Солтүстік Кавказ магистралды трассасынан жабдықталады. Жобалау-іздестіру жұмыстарының жалпы құны 540 млн теңгеге бағаланған. 4 жол айырығы бар 26 шақырымдық жол құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі ресімделуде. 

Атырау-Индер трассасы бойына салынатын 1-ықшамаудан

М. Аманов құрылысшылармен диалог бастады:

- Үйлердің құрылысына кірісіңіздер – инженерлік жүйелері жүргізілетін жерді аукционсыз береміз.

- Мен үй салдым делік, сосын айдалада жалғыз қалады ғой.

- Қалмайды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 80 жеке үйдің құрылысына тендер жарияланды. 

- Мүмкін сіз барлық үйлерге арналған бірыңғай жоба ұсынарсыз, ал біз соны салайық. 

- Бұл жақсы идея екен, ойлану керек. Тездетіңіздер, бұндай жеңілдіктер ешқашан болып көрмеген. 

- Уақ тас, бәрі қымбаттап кетті, вагондар жоқ. Бюджеттік үйлерді салуды қашан бастайтынын білгіміз келеді.

- Алғашқы 25 үйге республикалық бюджеттен 1,3 миллиард теңге бөлінді. 

- Неге бізден Нұрсаядағыдай бағана қағуға міндеттейді? Ол жердің жері жұмсақ, жер астында гипс бар, ал, мына жерде бәрі жақсы, алайда сондай норма – бір үйге 950 бағана. 

- Бағаналардың саны жер қабатын зерттеп, барлық есептеулерден соң әр үйге жеке есептеледі.

Қорытындысында М. Аманов барлық әлеуетті құрылысшыларды 23 қазанда өтетін «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша үкіметтің селекторлық жиналысына қатысуға шақырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

23 қазан 2017, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.