Атырау, 24 сәуір 16:06
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Еуропа одағы Каталония дауын реттеуге араласпауы мүмкін

1 862 просмотра

Фото: REUTERS

Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск Еуропа одағы Испанияның Каталония автономиялық аймағындағы жағдайды реттеуге араласа алмайтынын мәлімдеді. Брюссельде өткен ЕО саммитінде Туск ЕО-ның тіпті Мадрид пен Барселона арасында арағайын да болу мүмкіндігі де жоғын айтты, деп хабарлайды centralasian.org ақпарат агенттігі.  

19 қазанда Испания үкіметі ел конституциясының 155-бабына сүйеніп, Каталонияның автономия мәртебесін тоқтатуға және аймақты тікелей басқару жүйесін орнатуға дайын екенін білдірген. 19 қазанда Мадридтің Каталония билігіне тәуелсіздік мәселесі бойынша шешім қабылдауға берген мұрсаты аяқталған. 1 қазанда өткен референдумда Каталония сайлаушылары Испаниядан бөлінуді қолдап дауыс берген соң Пуджемонт аймақ Испаниядан бөліну құқығына ие болғанын мәлімдеп, тәуелсіздік декларациясын қабылдаған. 

Бірақ ол декларацияны жарияламай, әуелі Мадридпен келіссөз өткізуге шақырған. Референдумға Каталония сайлаушыларының 43 пайызға жуығы қатысты. Аймақ билігі дауыс бергендердің 90 пайызы тәуелсіздікті қолдағанын айтып, нәтижесін заңды деп жариялады. Мадридтегі орталық билік референдумды заңсыз деп тапты.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


23 қазан 2017, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.