Атырау, 18 сәуір 06:56
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

«Кселл» iPhone 8 және iPhone 8 Plus сатуды бастады

PR
2 717 просмотра


Қазақстандағы iPhone ресми дистрибьюторы «Кселл» АҚ 2017 жылдың 20 қазанынан бастап келісімшарт ұсыныстары бойынша iPhone 8 және iPhone 8 Plus сатуды бастады. 

Келісімшарт ұсыныстары бойынша iPhone 8 және iPhone 8 Plus 20 қазаннан бастап KcellStore дүкендерінде немесе компанияның Қазақстан бойынша абонент орталықтарынан сатып алуға болады. Келесі сілтеме http://kcell.mobi/kcellcontract және http://activ.mobi/activcontract бойынша қосымша ақпарат алуға болады.

iPhone жаңа өнімдерінің көрсетілімі 2017 жылдың 12 қыркүйегінде алғаш рет компанияның  Купертинодағы өзінің жаңа кампусының аумағында жақында салдырған ғимараты «Стив Джобс театрында» өтті.

Apple бас директоры Тим Кук көрсетілімде сөйлеген сөзінде Стив Джобстың рухы мен оның шексіз өмірлік пәлсапасының Apple жалғаса беретінін айтты: «Біз бұл театрды Стивке арнаймыз, себебі, біз оны жақсы көреміз, ал ол бүгінгі сияқты күндерді – жаңа өнімді, жаңа идеяны әлеммен бөлісе алатын сәттерді жақсы көретін еді. Біз мұны іске асырғанда Стивке көрсеткен құрметіміз ғана емес, жаңаша өнімдер ұсынатын келесі ұрпақты шабыттандыру үшін жасадық». 

«Кселл» де жаңа флагманнан шабыт алды, олар мұны «ақыл-ой шұғыласы» деп атайды. Жаңа смартфонға iPhone бұрынғы өнімдерінің барлығының ішіндегі ең қуатты процессор орнатылды.  Корпусы толықтай шыныдан жасалды, ол iPhone өзге құрылғыларына қарағанда 50% берік, құрылғы ылғалдан және шаңнан қорғалған.

Жетілдірілген 12 Мп камерамен барлық сурет ерекше айқын болып шығады. Түймешені басқанға дейін смартфон жарықтың ашықтығын айқындайды, кадрда адамдарды айырып таниды, кеңістікте қозғалысты есептейді, жылдам бір орынға жинастырады,  осы арқылы ең жақсы түсіру әдісін таңдап алады. iPhone 8 Plus жаңа «Портрет» тәртібі бар. «Сценалық жарық» функциясы объектіде екпін түсіреді және айналаны суреттегідей қараңғы түске айналдырады:




Сегізінші сериялы iPhone экранына қарау True Tone функциясымен ыңғайлы. Ол сіздің смартфонды көшеде немесе үйде пайдаланғаныңызға қарай экранның түс жіберуін автоматы түрде реттейді және көзге жұмсақ түсті жеткізеді.

Егер сіз осындай смартфонның өзіңізде міндетте түрде болуы керек деп шешсеңіз, онда сізді  «Кселл» дүкендерінде күтеміз. Біздің дүкендерде iPhone 8 және iPhone 8 Plusбір, бір жарым және екі жылға дейін бөліп төлеуді рәсімдей аламыз. Бөліп төлеу несие төлеу қабілеті (скоринг) сәтті расталғаннан кейін рәсімделеді.

Kcell Contract бойынша смартфонды алдын ала төлемсіз сатып алуға болады. Мәселен, iPhone 8 64 ГБ үшін  24 айға бөліп төлеу бойынша айлық төлем 16 000 теңгені құрайды. Байланыс қызметінің пакетіне мұндай мерзімге Kcell/Activ желі ішінде сөйлесу үшін лимитсіз минут және Kcell/Activ желі ішінде 1000 SMS, 15 ГБ интернет-трафик, ҚР өзге ұялы операторларының нөміріне қоңырау шалу үшін 300 минут берілген. Өзге ұсыныстар туралы ақпарат мына сілтемелерде http://kcell.mobi/kcellcontract.

Activ Contract бойынша смартфонға алдын ала төлем қарастырылған. iPhone 8 64 ГБ үшін 24 айға бөліп төлеу бойынша алдын ала төлеу - 32 000 теңгені, ал ай сайынғы төлем - 14 000 теңгені құрайды. Байланыс қызметінің пакетіне келісімшарттық ұсыныстың мұндай мерзіміне Kcell/Activ желі ішінде сөйлесу үшін лимитсіз минут және Kcell/Activ желі ішінде 1000 SMS, трафигі күндізгі және түнгі деп бөлінген 25 ГБ трафик, ҚР өзге ұялы операторларының нөміріне қоңырау шалу үшін 200 минут берілген. Өзге ұсыныстар туралы ақпарат мына сілтемелерде http://activ.mobi/activcontract.

 ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 08.06.1998 ж. берілген №ДС0000270 Лицензиясы.


20 қазан 2017, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған