Атырау, 20 сәуір 16:54
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"«Алашорда» аксиомасы немесе Қазақстанға ұлттық-либералдық қозғалыс неге керек?", "Зәуреш Батталова, ЖСДП төралқа төрайымы: билік шындықтан қорқып отыр", "Қытай экономикасының ауыр дағдарысқа ұшырағаны байқалады", "Кирилл қарпін кімдер қолданады?"

2 302 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Алашорда» аксиомасы немесе Қазақстанға ұлттық-либералдық қозғалыс неге керек?" - Елімізде Алашорданың 100 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар қолға алынып жатыр. Бұл өзі қуанарлық әрі қолдауға лайық іс. Шынын айту керек, большевиктік болмыс билеген 70 жылда бұл тақырып жабулы күйінде қалып келді. Тыйым салынып қана қоймай, коммунистік жүйе үшін аса қауіпті идеология ретінде саналды. Сол ауыр айып тағылған қаншама адам нақақтан-нақақ күйіп кетті. «Балақтағы большевик бит басқа шығып», нәтижесінде «пролетарлық интернационализм» деген идеологиялық химера төрге озып, «ұлтшыл» деген объективті түрде орынды әрі прогрессивті ұғым сатқындық пен мемлекет мүддесіне қарсы шығумен пара-пар аса зор қылмыс болып саналып, сондай пайым қоғамдық санаға түпкілікті орнап қалды. Соның әсері ме, бүгінде базбіреулер «ұлтшылмын» деп айтудан қашып, «ұлтжанды» деген солқылдақ балама тауып алып жүр.

"Бес жылға дейін жер жалға берілмейді, сатылмайды!" - Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды қамтыған заң жобасы алдағы аптада парламенттің қарауына түседі екен. Бұл жаңалықты экономист, жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан хабарлады. Елдің есінде болар, былтыр Жер кодексіне еніп кеткен кейбір баптарға халық қарсы болып, елдің бірнеше аймағында митингілер өткен-ді. Қоғам қарсылығынан кейін билік кодекстегі даулы баптарға мораторий жариялаған. Іле-шала жер реформасы жөніндегі комиссия құрылып, оған Бақытжан Сағынтаев төрағалық етіп, құрамына қоғамдық тұлғалар, сарапшылар, қоғамдық ұйым өкілдері еніп, аймақтарды аралап, көшпелі мәжілістер өткізген. Сөйтіп, елдің талап-тілегі тыңдалып, Жер кодексіне өзгеріс енгізілген еді. Міне, сол заң жобасы енді депутаттардың талқысына ұсынылмақ. Жер қазақ халқы үшін қай кезде де аса маңызды мәселе болғандықтан, біз жер мәселесі жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Мұхтар Тайжанмен хабарласып, кодекске енген өзгерістерді сұрап білген едік.

"Зәуреш Батталова, ЖСДП төралқа төрайымы: билік шындықтан қорқып отыр" - Еліміздегі оппозициялық көзқарастағы жалғыз партия –ЖСДП ұйымының жалпыхалықтық бейбіт шеруге дайындалып жатқанын естіп жатырмыз. Әңгімемізді осыдан бастасақ. 

AZATTYQ.ORG. "Ресейлік саясаттанушы: "Путин билікті сақтап қалуға мүдделі"" - Негізгі әрі де-факто жалғыз кандидаттың ресми ұсынылғаны жайлы әзірше жарияланбағанымен, Ресейде президенттік сайлау кампаниясы басталып кетті. Ресейлік саясаттанушы Григорий Голосов Азаттыққа сұхбатында ресейлік президенттік биліктің ерекшеліктері жайлы айтты.

"Жастары жаппай қалаға кеткен ауыл" - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласынан 10 километр жердегі Хантағы ауылы 6 мың адам тұратын әжептәуір үлкен ауыл. Алайда тұрғындар ауылда жастар қалмағанын айтып, елді мекеннің болашағына алаңдайды. Жергілікті әкімдік өкілі тіркелген 14-28 жас аралығындағы 1016 адамның 30-дан астамы ғана ауылдан жұмыс тапқанын айтты.

ABAI.KZ. "Атамбаев мырза, Хан Кенеге тиіспеңіз!" - Жуырда қырғыз елінің президенті А.Атамбаев Қазақ еліне байланысты ауызына түскен жағымсыз сөздерді айтты. Соның ішінде Хан Кенеге де ауыр сөздер тиіп кетті. 1847 жылы қазақ жұртында болған оқиғаны еске алып, қырғыз манаптарының басын кесілгені де айтылды. Әрине, осы оқиға екі елдің арасында болған қарым-қатынастың ең суық беттері еді. Енді ол тарихи парақ ұмытылған сияқты еді, бірақ кетіп бара жатқан қырғыз президенті тағы да есімізге салды. Ондай қадамға баруының жөні жоқ еді. Дегенмен, сөз айтылды. Сондықтан А.Атамбаев мырзаға Хан Кененің қазаққа кім екенін айтып кеткіміз келеді.

365INFO.KZ. "«Қырғызстанды өз еркіне қоя берсек – оны Өзбекстан басып алады» – Әзімбай Ғали" - «Неге солайдың» қонағы – саясаттанушы Әзімбай Ғалимен үлкен әңгіме болды.

QAZAQTIMES.COM. "Қытай экономикасының ауыр дағдарысқа ұшырағаны байқалады" - Бес жылдың алдында басшы лауазымына ие болған ҚХР төрағасы Ши Жинпиң Қытай экономикасы үшін, экономиканың «басты жебеуші күші» базарды реттеу туралы уәде берген еді. Алайда бес жылдан кейінгі бүгінгі жағдай оның мәлімдемесінің керісінше болғанын көрсетеді. 

ҚАЗАҚПАРАТ. "Ерлан Қарин: Қырғызстанда ендігі жағдай Жээнбеков - Исаков тандеміне байланысты өрбиді" - Қазақстандық саясаттанушы Ерлан Қарин Қырғызстанда ендігі жағдайдың беталысы жаңадан сайланған президент Сооронбай Жээнбеков пен елдің премьер-министрі Сапар Исаковтың қарым-қатынасына байланысты болатыны туралы пікір білдірді.

AIKYN.KZ. "Кирилл қарпін кімдер қолданады?" - Елімізде латын қарпіне көшу мәселесі кейінге жиырма жыл бойы айтылып келеді, соңғы жылда қызу талқыланып жатыр. Бұл мәселе бұған дейін де неше мәрте көтерілген, бірақ ұсыныс күйінде қалды. Осы жолы билік ресми бағдарлама қабылдап, оны 2025 жылға дейін орындаймыз деп шешті. «Латын қарпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік. Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып жүргізуді қажет етеді. Осы орайда, XX ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз жөн. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын қарпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз» деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Қазір халық Елбасының айтқан сөзін қолдап, латын алфавитіне көшудің жолдарын қарастырып жатыр.

"Дулат Исабеков: күштілер қаруы – сөз" - Лондонда көрнекті жазушы, драматург Дулат Исабековтің театр фестивалі өтті. Фестиваль аясында М.Әуезов атындағы академиялық драма театры «Жаужүректі», Мемлекеттік корей музыкалық комедия театры «Актриса» спектаклін қойды. Ағылшын театры драматургтің «Аққу Жібегін» сахнаға шығарды. Ұлыбритания елінен олжалы оралған драматургпен тілдескен едік.

20 қазан 2017, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.